https://sputnik.kz/20250314/su-tasqynyna-dayyndyq-239-shaqyrym-ozen-arnasy-tazartyldy-51602428.html
Су тасқынына дайындық: 239 шақырым өзен арнасы тазартылды
Су тасқынына дайындық: 239 шақырым өзен арнасы тазартылды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 14 наурыз – Sputnik. Су тасқынына дайындық аясында 239 шақырым өзен арнасын тазарту, кеңейту және түбін тереңдету жұмыстары жүргізілді, деп хабарлады... 14.03.2025, Sputnik Қазақстан
2025-03-14T08:52+0500
2025-03-14T08:52+0500
2025-03-14T09:09+0500
су тасқыны
министрлік
https://sputnik.kz/img/269/52/2695208_183:0:1548:768_1920x0_80_0_0_66c14a69409a0d090d57da081826ffeb.jpg
АСТАНА, 14 наурыз – Sputnik. Су тасқынына дайындық аясында 239 шақырым өзен арнасын тазарту, кеңейту және түбін тереңдету жұмыстары жүргізілді, деп хабарлады су ресурстары және ирригация министрлігі.Тазартылғандар ішінде Ертіс өзенінің 27,4 шақырымы, Қиғаш өзенінің 73,7 шақырымы, Нұраның 1,1 шақырымы, Жайықтың 51,5 шақырымы және Жем өзенінің 85,5 шақырымы тазартылды.Жалпы министрлік өзен учаскелерін санациялаудың кешенді жоспары аясында 2027 жылға дейін 10 облыста жалпы ұзындығы 815 шақырым болатын 51 өзен арнасын және бір көлді тазарту жұмыстары қарастырып жатыр.Бұдан бөлек, "Қазсушар" кәсіпорны еліміздің бірқатар өңірінде 1147 шақырым каналды механикалық тазартудан өткізіп, 230 су құрылысын жөндеді.Былтыр 36 жылда алғаш рет Ақтөбе су қоймасына кешенді реконструкция жасалды. Ал, Батыс Қазақстан облысындағы Киров су қоймасы 58 жылда бірінші рет жөнделді.
https://sputnik.kz/20250313/eldin-67-aumagyn-qar-basyp-zhayr-51575503.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/269/52/2695208_353:0:1377:768_1920x0_80_0_0_5b0710076630c4ff134911d72488e49d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
су тасқыны, министрлік
Су тасқынына дайындық: 239 шақырым өзен арнасы тазартылды
08:52 14.03.2025 (жаңартылды: 09:09 14.03.2025) АСТАНА, 14 наурыз – Sputnik. Су тасқынына дайындық аясында 239 шақырым өзен арнасын тазарту, кеңейту және түбін тереңдету жұмыстары жүргізілді, деп хабарлады
су ресурстары және ирригация министрлігі.
Тазартылғандар ішінде Ертіс өзенінің 27,4 шақырымы, Қиғаш өзенінің 73,7 шақырымы, Нұраның 1,1 шақырымы, Жайықтың 51,5 шақырымы және Жем өзенінің 85,5 шақырымы тазартылды.
Жалпы министрлік өзен учаскелерін санациялаудың кешенді жоспары аясында 2027 жылға дейін 10 облыста жалпы ұзындығы 815 шақырым болатын 51 өзен арнасын және бір көлді тазарту жұмыстары қарастырып жатыр.
Бұдан бөлек, "Қазсушар" кәсіпорны еліміздің бірқатар өңірінде 1147 шақырым каналды механикалық тазартудан өткізіп, 230 су құрылысын жөндеді.
"Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес еліміздің 10 облысында жаңадан коммуналдық меншіктегі гидротехникалық құрылыс-жайларды пайдалануға жауапты мамандандырылған ұйымдар құрылды. Олардың балансына 809 нысан қабылданды. 931 маман жұмысқа алынып, 203 арнайы техника берілді", - деді су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.
Былтыр 36 жылда алғаш рет Ақтөбе су қоймасына кешенді реконструкция жасалды. Ал, Батыс Қазақстан облысындағы Киров су қоймасы 58 жылда бірінші рет жөнделді.