https://sputnik.kz/20250313/eldin-67-aumagyn-qar-basyp-zhayr-51575503.html
Елдің 67% аумағын қар басып жатыр
Елдің 67% аумағын қар басып жатыр
Sputnik Қазақстан
Болжамдарға сәйкес, наурыз және сәуір айлары жылы болады деп күтілуде, еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын мол болады, бұл су тасқыны қаупін арттырады 13.03.2025, Sputnik Қазақстан
2025-03-13T13:53+0500
2025-03-13T13:53+0500
2025-03-13T15:53+0500
үкімет
олжас бектенов
https://sputnik.kz/img/07e9/01/1c/50341120_0:90:960:630_1920x0_80_0_0_1b1e72551fc5930a59f706a683c519ed.jpg.webp
АСТАНА, 13 наурыз – Sputnik. Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен су тасқынына қарсы шараларды үйлестіру және қарғын су жүру кезеңінің салдарын жою жөніндегі республикалық штабтың отырысы өтті, деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.13 наурыздағы жағдай бойынша еліміздің қар басып жатқан аумағы 67%-ды құрайды. Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Атырау және Маңғыстау облыстарында қазірдің өзінде қар ери бастағанын айтты."Қазгидромет" биыл алғаш рет әрбір өңір бойынша егжей-тегжейлі ақпарат берді. Тасқын қаупі жоғары аймаққа Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақтөбе, Абай, Ұлытау облыстары; қауіп деңгейі орташа аймаққа – Алматы, Жетісу, Жамбыл, Батыс Қазақстан және Атырау облыстары жатады.Су басу қаупін азайту мақсатында уәкілетті органдарға Ақмола, Батыс Қазақстан, Ұлытау, Қарағанды және Солтүстік Қазақстан облыстарының су тасқыны қаупі бар елді мекендерін аралап, шұғыл шаралар қабылдау жөнінде тапсырмалар берді.
https://sputnik.kz/20250127/su-tasqyny-ministrlik-onirlerdegi-dayyndyq-turaly-malimet-berdi-50335955.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/01/1c/50341120_0:0:960:720_1920x0_80_0_0_835f0f4a0f557b335fb1d51f6a1c4594.jpg.webpSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
үкімет, олжас бектенов
Елдің 67% аумағын қар басып жатыр
13:53 13.03.2025 (жаңартылды: 15:53 13.03.2025) Болжамдарға сәйкес, наурыз және сәуір айлары жылы болады деп күтілуде, еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын мол болады, бұл су тасқыны қаупін арттырады
АСТАНА, 13 наурыз – Sputnik. Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен су тасқынына қарсы шараларды үйлестіру және қарғын су жүру кезеңінің салдарын жою жөніндегі республикалық штабтың отырысы өтті, деп хабарлады
үкіметтің баспасөз қызметі.
13 наурыздағы жағдай бойынша еліміздің қар басып жатқан аумағы 67%-ды құрайды.
Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Атырау және Маңғыстау облыстарында қазірдің өзінде қар ери бастағанын айтты.
"Бұл ретте еліміздің солтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және орталығында тоңның қалың болуы байқалып отыр. Қостанай облысында 150 см-ге дейін және одан да көп, Ақмола облысында – 139 см-ге дейін, Павлодар облысында – 159 см-ге дейін, Қарағанды облысында –132 см-ге дейін тоң бар. Болжамдарға сәйкес, наурыз және сәуір айлары жылы болады деп күтілуде, еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын мол болады, бұл су тасқыны қаупін арттырады", - деп жазылған хабарламада.
"Қазгидромет" биыл алғаш рет әрбір өңір бойынша егжей-тегжейлі ақпарат берді. Тасқын қаупі жоғары аймаққа Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақтөбе, Абай, Ұлытау облыстары; қауіп деңгейі орташа аймаққа – Алматы, Жетісу, Жамбыл, Батыс Қазақстан және Атырау облыстары жатады.
Су басу қаупін азайту мақсатында уәкілетті органдарға Ақмола, Батыс Қазақстан, Ұлытау, Қарағанды және Солтүстік Қазақстан облыстарының су тасқыны қаупі бар елді мекендерін аралап, шұғыл шаралар қабылдау жөнінде тапсырмалар берді.