Шығыс Қазақстанда 117 мұғалімге іссапар шығыны төленбеген

© Sputnik/Ертай СарбасовҚаскелеңдегі мектеп-гимназия
Қаскелеңдегі мектеп-гимназия - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.03.2025
Жазылу
Төленбеген шығын сомасының көлемі 28 миллион теңгеден асқан
АСТАНА, 14 наурыз – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысының прокурорлары мұғалімдердің іссапар шығындарын өтеу құқықтарын қалпына келтірді, деп хабарлады аймақтық ведомствоның баспасөз қызметі.
Шығыс Қазақстан облысы Самар ауданының прокуратурасы еңбек заңнамасының сақталуын қадағалау барысында аудандағы білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлеріне іссапар шығындары төленбегенін анықтады.
Белгілі болғандай, 171 мұғалімге ұзақ уақыт бойы заңмен қарастырылған іссапар төлемдері жүргізілмеген, жалпы сома 28 миллион теңгеден асты.
"Мысалы, Самар ауылындағы мектептердің бірінің мұғаліміне 2024 жылғы сәуірден 2025 жылғы қаңтарға дейін 224 105 теңге мөлшерінде іссапар шығыны төленбеген. Осындай жағдайлар ауданның басқа мектептерінде де тіркелген", - деп жазылған хабарламада.
Прокуратура қабылдаған шаралардың нәтижесінде заңбұзушылықтар жойылып, барлық ұстазға тиісті төлемдер толық көлемде жүргізілді.
Кісі өлтіруге күдіктілерді Ресейден Қазақстанға эктсрадициялау - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.02.2025
Бас прокуратура қаржы пирамидасының жетекшісін Қырғызстаннан экстрадициялады
Жаңалықтар
0