Қостанай облысында 174 жүк көлігі жолда қалып қойды

© Sputnik / Абзал КалиевАстанадағы қар
Астанадағы қар - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.03.2025
Жазылу
Октябрь кенті мен Әулиекөл арасындағы автожолда Ақмола облысынан келе жатқан көліктер тұрып қалған
АСТАНА, 14 наурыз – Sputnik. Қарлы боран мен көктайғақтың салдарынан Қостанай облысының жолдарында ауыр жүк және қоғамдық көліктер үшін қозғалыс шектелген, деп хабарлады Polisia.kz.
Шектеулер төрт облыстық және екі республикалық маңызы бар жолда енгізілді.
Атап айтқанда, Октябрь кенті мен Әулиекөл арасындағы автожолда Ақмола облысынан келе жатқан фуралар, Камаздар, Газельдер мен автобустарды қоса алғанда 174 ауыр жүк көлігі тұрып қалған.
"Мәселен, полиция қызметкерлері Қырғызстаннан Ресейге бара жатқан автобусты тоқтатты. Салонда 4 бала, 5 әйел және 42 ер адам болды. Ауа райының нашарлауына байланысты көлік қозғалысы қауіпті болып, жолаушылар жергілікті мектептің жылыту пунктіне орналастырылып, оларды сусынмен, тамақпен және түнейтін орынмен қамтамасыз етті", - делінген хабарламада.
Тоқтау пункттеріндегі жол қауіпсіздігін патрульдік полицейлер, ТЖД, "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ қызметкерлері және жергілікті билік қамтамасыз етуде.
Полиция жүргізушілерді жолдардың жабылуы туралы ақпаратты қадағалауға және қолайсыз ауа райы кезінде алыс сапарға шықпауға шақырды.
Жолдағы боран - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.02.2025
Ауа райына байланысты төрт облыста жол жабылды
Жаңалықтар
0