Ауа райына байланысты төрт облыста жол жабылды
© Sputnik / Санат ИмангалиевЖолдағы боран

© Sputnik / Санат Имангалиев
Жазылу
Барлық жол ертең түрлі уақытта ашылады деп жоспарланып отыр
АСТАНА, 21 ақпан - Sputnik. 2025 жылдың 21 ақпанында сағат 20:00-де ауа райының бұзылуына байланысты бірқатар республикалық автожолда көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлады "ҚазАвтоЖол".
Ақтөбе облысы:
"Ақтөбе - Қандыағаш - Доссор - Атырау - РФ шекарасы" автожолының 14-255 шақырым аралығы (Ақтөбе қаласы - Қарауылкелді ауылы);
"РФ шекарасы - Мәртөк - Ақтөбе - Қарабұтақ - Қызылорда - Шымкент - Тараз - Қордай - Алматы - Қорғасы - ҚХР шекарасы" автожолының 776-1240 шақырым аралығы (Ақтөбе қаласы - Қызылорда облысының шекарасы).
Жол учаскелерін 2025 жылдың 22 ақпанында сағат 06:00-де ашу жоспарланған.
"Ақтөбе - Орал - РФ шекарасы" автожолының 526-702 шақырым аралығы (БҚО шекарасы - Маржанбұлақ ауылы).
Жолды 2025 жылдың 22 ақпанында сағат 08:00-де ашу жоспарланған.
Қызылорда облысы:
"РФ шекарасы - Мәртөк - Ақтөбе - Қарабұтақ - Қызылорда - Шымкент - Тараз - Қордай - Алматы - Қорғасы - ҚХР шекарасы" автожолының 1240-1362 шақырым аралығы (Ақтөбе облысының шекарасы - Арал қаласы).
Жолды 2025 жылдың 22 ақпанында сағат 08:00-де ашу жоспарланған.
Батыс Қазақстан облысы:
"Ақтөбе - Орал - РФ шекарасы" автожолының 394-526 шақырым аралығы (Жымпиты ауылы - Ақтөбе облысының шекарасы).
Жолды 2025 жылдың 22 ақпанында сағат 08:00-де ашу жоспарланған.
Маңғыстау облысы:
"Жетібай - Жаңаөзен - ТР шекарасы" автожолының 0-58 шақырым аралығы (Жетібай ауылы - Жаңаөзен қаласы);
"Доссор - Құлсары - Бейнеу - Сайөтес - Шетпе - Жетібай - Ақтау" автожолының 332-786 шақырым аралығы (Бейнеу ауылы - Ақтау қаласы).
Жол учаскелерін 2025 жылдың 22 ақпанында сағат 10:00-де ашу жоспарланған.