Президент бірыңғай уақыт белдеуіне қатысты: бұл мәселені саясиландырудың қажеті жоқ

© Photo : АқордаҰлттық құрылтай отырысы
Ұлттық құрылтай отырысы - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.03.2025
Жазылу
АСТАНА, 14 наурыз– Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бірыңғай уақыт белдеуіне көшуге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Бүгінде бірыңғай уақыт белдеуіне қатысты пікірталастар басылмай тұр. Бұл мәселе үкімет пен парламентте талқылады. Арнайы зерттеудің нәтижесі де жарияланған болатын.
"Осы шешімге күмән келтірген қоғам белсенділерінің қаупі мен күмән-күдігі расталған жоқ. Үкіметтің және депутаттардың басым көпшілігінің, сондай-ақ мамандардың уәжімен келісемін: біздің кең-байтақ жеріміз бар, халқымыздың саны да салыстырмалы түрде алғанда көп емес. Сондықтан елімізде бірыңғай уақыт белдеуі болуға тиіс", - деді Тоқаев ұлттық құрылтайдың бүгінгі отырысында.
Оның айтуынша, бұл тәсіл мемлекетті басқару ісін жеңілдетеді, логистика мен көптеген бизнес-үдерісті оңтайландыруға септігін тигізеді.
"Осымен пікірталасты доғару қажет деп ойлаймын, оның үстіне бұл мәселені саясиландырудың қажеті жоқ", - деп атап көрсетті президент.

Младенец  - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.03.2024
Қазақстанда уақыт белдеуі өзгерген күні қанша сәби дүниеге келді
Жаңалықтар
0