https://sputnik.kz/20250311/ukimet-uaqyt-beldeuinin-ozgeruine-qatysty-zertteudin-natizhesin-zhariyalady-51503551.html
Үкімет уақыт белдеуінің өзгеруіне қатысты зерттеудің нәтижесін жариялады
Үкімет уақыт белдеуінің өзгеруіне қатысты зерттеудің нәтижесін жариялады
Sputnik Қазақстан
Уақыт белдеуінің өзгеруі халық өмірінің негізгі көрсеткіштеріне теріс әсер етпеген 11.03.2025, Sputnik Қазақстан
2025-03-11T10:43+0500
2025-03-11T10:43+0500
2025-03-11T10:43+0500
уақыт
үкімет
https://sputnik.kz/img/83/41/834117_0:316:2315:1618_1920x0_80_0_0_d191015ee33c9eb58130487f48a94e25.jpg.webp
АСТАНА, 11 наурыз – Sputnik. Үкімет бірыңғай уақыт белдеуі енгізілгеннен кейін жүргізілген талдаудың нәтижесін жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиевтің айтуынша, уақыт белдеуінің өзгеруі алдымен халықтың денсаулығына, энергия тұтынуға, еңбек тиімділігіне, оқушылардың үлгеріміне, жол апаты көрсеткішіне, қылмысқа және басқа аспектілерге әсерін бағалау бойынша зерттеу әдістемесі бекітілді. Соның негізінде бірыңғай уақыт белдеуінің халық денсаулығына, энергия тұтыну және еңбек өнімділігінің әсеріне мониторинг жүргізілді.Жергілікті жерде мәслихат депутаттары жұмыс кестесін ауыстыру арқылы жұмыс уақытын оңтайландырып жатыр. Мәселен, Шығыс Қазақстан облысының Катонқарағай, Марқакөл, Үлкен Нарын, Зайсан, Тарбағатай, Самара және Күршім аудандарында жұмыс кестесі таңғы 8:00-ден кешкі 17:30-ға дейін өзгертілді."Бұл шаралар азаматтар үшін қолайлы жағдай жасауға, сондай-ақ кәсіби және жеке өмір арасындағы теңдікті жақсартуға бағытталған. Қажет болған жағдайда осындай тәжірибені жергілікті атқарушы органдар басқа өңірлерде де қолдануға мүмкіндігі бар",-деп түйіндеді министр.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/83/41/834117_0:99:2315:1835_1920x0_80_0_0_a090c65f39fe2eb271a31fa05368c240.jpg.webpSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
уақыт, үкімет
Үкімет уақыт белдеуінің өзгеруіне қатысты зерттеудің нәтижесін жариялады
Уақыт белдеуінің өзгеруі халық өмірінің негізгі көрсеткіштеріне теріс әсер етпеген
АСТАНА, 11 наурыз – Sputnik. Үкімет бірыңғай уақыт белдеуі енгізілгеннен кейін жүргізілген талдаудың нәтижесін жариялады, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиевтің айтуынша, уақыт белдеуінің өзгеруі алдымен халықтың денсаулығына, энергия тұтынуға, еңбек тиімділігіне, оқушылардың үлгеріміне, жол апаты көрсеткішіне, қылмысқа және басқа аспектілерге әсерін бағалау бойынша зерттеу әдістемесі бекітілді. Соның негізінде бірыңғай уақыт белдеуінің халық денсаулығына, энергия тұтыну және еңбек өнімділігінің әсеріне мониторинг жүргізілді.
"Нақты деректерге негізделген нәтижелер уақыт белдеуінің өзгеруі халық өмірінің негізгі көрсеткіштеріне теріс әсер етпегенін айқындайды", - деді Шаққалиев үкіметтің бүгінгі отырысында.
Жергілікті жерде мәслихат депутаттары жұмыс кестесін ауыстыру арқылы жұмыс уақытын оңтайландырып жатыр. Мәселен, Шығыс Қазақстан облысының Катонқарағай, Марқакөл, Үлкен Нарын, Зайсан, Тарбағатай, Самара және Күршім аудандарында жұмыс кестесі таңғы 8:00-ден кешкі 17:30-ға дейін өзгертілді.
"Бұл шаралар азаматтар үшін қолайлы жағдай жасауға, сондай-ақ кәсіби және жеке өмір арасындағы теңдікті жақсартуға бағытталған. Қажет болған жағдайда осындай тәжірибені жергілікті атқарушы органдар басқа өңірлерде де қолдануға мүмкіндігі бар",-деп түйіндеді министр.