Наурыз мерекесінде оқушылар бір мезгілде күй тартады

Қазақша күй - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.03.2025
Жазылу
Оған барлық тілек білдіруші қатыса алады
АСТАНА, 14 наурыз – Sputnik. 20 наурыз күні сағат 11:00-де Наурыз мейрамына орай барлық мектепте республикалық челлендж өтеді, деп хабарлады оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.
Челленджде оқушылар бір мезгілде күй тартады.
Домбырашылар челленджі – бұл балалар, жастар, педагогтер мен ата-аналардың музыкалық шеберлігін танытатын және бүкіл елді домбыра үнімен біріктіретін ерекше шара.
"Оған барлық тілек білдіруші қатыса алады. 2023 жылдан бастап челлендж барлық білім беру ұйымдарында ұйымдастырылып келеді және ол маңызды мәдени оқиғаға айналды. Челлендж "Біртұтас тәрбие" бағдарламасы мен "Наурызнама" іс-шаралар жоспары аясында ұйымдастырылады", - дейді тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаментінің директоры Ерлан Қалмақов.
Шараның мақсаты – өскелең ұрпақтың бойында рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру, патриотизмді нығайту, ұлттық мәдени мұраны сақтау және балалар арасында домбыра өнерін насихаттау.
Министрлік мәліметінше, Наурыз мейрамын мерекелеу 14-23 наурыз аралығында еліміздің барлық мектептерінде өтеді. Бұл күндері тақырыптық челлендждер, экологиялық акциялар және ұлттық ойындар бойынша жарыстар ұйымдастырылады.
Домбра, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.12.2024
Өнертапқыш электронды домбыра жасап шығарды
Жаңалықтар
0