https://sputnik.kz/20241228/onertapqysh-elektrondy-dombyra-zhasap-shygardy-49635726.html
Өнертапқыш электронды домбыра жасап шығарды
Өнертапқыш электронды домбыра жасап шығарды
Sputnik Қазақстан
Болат Қанафин алғашқы электронды домбырасын 1989 жылы жасап шығарды 28.12.2024, Sputnik Қазақстан
2024-12-28T17:38+0500
2024-12-28T17:38+0500
2024-12-28T17:38+0500
домбыра
https://sputnik.kz/img/1229/20/12292045_0:109:2000:1234_1920x0_80_0_0_c1a0cbbd0c6e99098a4fa56e0c4b3062.jpg
АСТАНА, 28 желтоқсан – Sputnik. Петропавл тұрғыны қазақтың қара домбырасын түрлендіріп, электронды нұсқасын жасап шығарды, деп хабарлады 24KZ.Атадан балаға мирас болып келе жатқан ұлттық аспапты "меди-домбыра синтезаторға" айналдырды.Болат Қанафин алғашқы электронды домбырасын 1989 жылы жасап шығарды. Өнертапқыш қазақтың ұлттық аспабын түрлендіріп, заманауи үлгіге айналдырды.Дыбыс электроникалық генератор арқылы синтезделіп, скрипка, гитара, фортепиано, мандолина, кларнет, клавесин аспаптарының ырғағын шығарады. Оны компьютерге қосып, музыка басуға да болады.Қазір музыканттың қолында меди-домбыра сентизатордың 3 түрі бар. Өнертапқыш өзінің шығармашылық идеясын Қазақстанда патенттеп алған. Енді төртіншісі аспабын жасауға кірісті. Оның пернелері сенсорлы болады.Болат Қанафиннің басты мақсаты – домбыраны халықаралық деңгейде патенттеп, қазақтың өнерін әлемге паш ету. Әзірге бұл ойын іске асыру үшін инвестор іздеп жүр.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1229/20/12292045_123:0:1900:1333_1920x0_80_0_0_8fbc68fb6f4a370daa05d7f931b9516a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
домбыра
Өнертапқыш электронды домбыра жасап шығарды
Болат Қанафин алғашқы электронды домбырасын 1989 жылы жасап шығарды
АСТАНА, 28 желтоқсан – Sputnik. Петропавл тұрғыны қазақтың қара домбырасын түрлендіріп, электронды нұсқасын жасап шығарды, деп хабарлады
24KZ. Атадан балаға мирас болып келе жатқан ұлттық аспапты "меди-домбыра синтезаторға" айналдырды.
Болат Қанафин алғашқы электронды домбырасын 1989 жылы жасап шығарды. Өнертапқыш қазақтың ұлттық аспабын түрлендіріп, заманауи үлгіге айналдырды.
Дыбыс электроникалық генератор арқылы синтезделіп, скрипка, гитара, фортепиано, мандолина, кларнет, клавесин аспаптарының ырғағын шығарады. Оны компьютерге қосып, музыка басуға да болады.
"Мойнының жіңішкелігі өте жедел ырғақпен шертуге мүмкіндік береді және электроника арқылы жетілдірілген. Соқпалы аспап эффекісі бар. Сонымен қатар неше түрлі аспаптардың дауысын шығаруға болады", - дейді қала тұрғыны Болат Қанафин.
Қазір музыканттың қолында меди-домбыра сентизатордың 3 түрі бар. Өнертапқыш өзінің шығармашылық идеясын Қазақстанда патенттеп алған. Енді төртіншісі аспабын жасауға кірісті. Оның пернелері сенсорлы болады.
Болат Қанафиннің басты мақсаты – домбыраны халықаралық деңгейде патенттеп, қазақтың өнерін әлемге паш ету. Әзірге бұл ойын іске асыру үшін инвестор іздеп жүр.