https://sputnik.kz/20250314/ayagymdy-uqala-dep-qinamadym-turkistan-medresesindegi-bas-ustaz-oz-uazhin-aytty-51605208.html
"Аяғымды уқала деп қинамадым": Сарыағаш медресесінің бас ұстазы өз уәжін айтты
"Аяғымды уқала деп қинамадым": Сарыағаш медресесінің бас ұстазы өз уәжін айтты
Sputnik Қазақстан
Имамның айтуынша, видеодағы балалардың барлығы өз немерелері мен жиендері 14.03.2025, Sputnik Қазақстан
2025-03-14T11:12+0500
2025-03-14T11:12+0500
2025-03-14T18:20+0500
имам
мешіт
https://sputnik.kz/img/07e7/06/1c/36387985_0:0:1920:1080_1920x0_80_0_0_4cd2505b20ebcda3ca3dfb452552ae2f.jpg
АСТАНА, 14 наурыз - Sputnik. Түркістан облысы Сарыағаш ауданындағы медресенің бас ұстазы Әбдужаппар Сманов шәкірттеріне аяғын неге уқалатты? Әлеуметтік желіде өзіне қатысты тараған ақпарат туралы имам Sputnik Қазақстан тілшісіне айтып берді.Айтуынша, ол жастайынан әкесінің аяғын уқалап, батасын алған адам.Оның сөзінше, немерелеріне қазақтың тарихынан сыр шертіп, білім де береді."Менің немерелерім бірге намазға барады, біреуін намаз оқы, аяғымды уқала деп қинамаппын. Медресеге барып аяғымды уқаласа, шәкірттеріме үлгі, тәлім болмай ма? Атасының аяғын уқалаған немереме "бар ары" деп сағын сындырмаймын", - дейді Әбдужаппар имам.Бас ұстаздың айтуынша, мұндайды көрген шәкірттері ата-анасына құрмет көрсететіні хақ. Әбдужаппар Смановтың айтуынша, 30 немересі тұрғанда кісі баласына аяғын уқалатып, әдепсіздікке бармайды.Білім басқармасы әлеуметтік желіде тараған видеодан соң бірден тексерген. Тіпті аяқ уқалаған балалардың құжаттарына дейін анықтапты.Бұл бейнежазбаға қатысты тіпті Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы да түсініктеме берді."Түркістан облысы Сарыағаш ауданындағы мешітте болған оқиға әлеуметтік желілерде тарап, қоғамның түрлі пікір қайшылығын тудырды. Осыған орай Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қасиетті орында қоғам наразылығын тудырған әрекетке жол бергені үшін мешіт имамына ескерту жасады", - дейді Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы.Айта кетейік, аяқ уқалаған балалар да бейнежазба жариялап, шәкірт емес, өздерінің атасының батасын алғысы келген немерелер екенін айтты.
https://sputnik.kz/20240418/bishimbaev-pen-nukenovanyn-nekesin-qigan-imam-zhazalandy-43745808.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Айдана Дайырова
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/04/28176122_0:0:472:473_100x100_80_0_0_fcd7c420b72c307d5b9853f5dff45762.jpg
Айдана Дайырова
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/04/28176122_0:0:472:473_100x100_80_0_0_fcd7c420b72c307d5b9853f5dff45762.jpg
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/06/1c/36387985_240:0:1680:1080_1920x0_80_0_0_e9fef9f40b96fde75881de3c07ddaa0d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Айдана Дайырова
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/04/28176122_0:0:472:473_100x100_80_0_0_fcd7c420b72c307d5b9853f5dff45762.jpg
имам, мешіт
"Аяғымды уқала деп қинамадым": Сарыағаш медресесінің бас ұстазы өз уәжін айтты
11:12 14.03.2025 (жаңартылды: 18:20 14.03.2025) Имамның айтуынша, видеодағы балалардың барлығы өз немерелері мен жиендері
АСТАНА, 14 наурыз - Sputnik. Түркістан облысы Сарыағаш ауданындағы медресенің бас ұстазы Әбдужаппар Сманов шәкірттеріне аяғын неге уқалатты? Әлеуметтік желіде өзіне қатысты тараған ақпарат туралы имам
Sputnik Қазақстан тілшісіне айтып берді.
Айтуынша, ол жастайынан әкесінің аяғын уқалап, батасын алған адам.
"Әкем "жерден алған топырағың алтын болсын" демейінше аяғын уқалаушы ем. Мына ел арасында жайсыз пікір тарапты. 30 немерем бар, 15 ұл, 16 қыз немерем бар. Бәрі бөлек тұрады, бірақ үйіме келсе болды менің аяғымды уқалап, хисса-дастан тыңдағанды жақсы көреді", - дейді Әбдужаппар Сманов.
Оның сөзінше, немерелеріне қазақтың тарихынан сыр шертіп, білім де береді.
"Менің немерелерім бірге намазға барады, біреуін намаз оқы, аяғымды уқала деп қинамаппын. Медресеге барып аяғымды уқаласа, шәкірттеріме үлгі, тәлім болмай ма? Атасының аяғын уқалаған немереме "бар ары" деп сағын сындырмаймын", - дейді Әбдужаппар имам.
Бас ұстаздың айтуынша, мұндайды көрген шәкірттері ата-анасына құрмет көрсететіні хақ.
Әбдужаппар Смановтың айтуынша, 30 немересі тұрғанда кісі баласына аяғын уқалатып, әдепсіздікке бармайды.
Білім басқармасы әлеуметтік желіде тараған видеодан соң бірден тексерген. Тіпті аяқ уқалаған балалардың құжаттарына дейін анықтапты.
"Сатыбалды Әбішұлы атындағы Сарыағаш медресесінде таң намазынан кейін студенттерге айтқан уағыз-насихат барысында медресенің бас ұстазы Әбдужаппар Смановтың аяғына жаттығу жасап отырған шәкірттері емес, өз немерелері мен жиені екені белгілі болды. Өз немерелері әрдайым атасына құрмет көрсетіп, ақ батасын алу үшін жаттығу жасап беріп, ілтипат білдіретінін анықтадық", - дейді білім басқармасы.
Бұл бейнежазбаға қатысты тіпті Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы да түсініктеме берді.
"Түркістан облысы Сарыағаш ауданындағы мешітте болған оқиға әлеуметтік желілерде тарап, қоғамның түрлі пікір қайшылығын тудырды. Осыған орай Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қасиетті орында қоғам наразылығын тудырған әрекетке жол бергені үшін мешіт имамына ескерту жасады", - дейді Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы.
Айта кетейік, аяқ уқалаған балалар да бейнежазба жариялап, шәкірт емес, өздерінің атасының батасын алғысы келген немерелер екенін айтты.