https://sputnik.kz/20250313/qyzben-tanysuga-kelgenderdi-tonagan-almatyda-qylmystyq-top-ustaldy-51591411.html
Қызбен танысуға келгендерді тонаған: Алматыда қылмыстық топ ұсталды
Қызбен танысуға келгендерді тонаған: Алматыда қылмыстық топ ұсталды
Sputnik Қазақстан
Олардың басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде 13.03.2025, Sputnik Қазақстан
2025-03-13T17:48+0500
2025-03-13T17:48+0500
2025-03-13T17:48+0500
қылмыстық топ
https://sputnik.kz/img/169/63/1696334_0:147:3043:1859_1920x0_80_0_0_f75064b6ded1d7284aeeb3fd2c1a574c.jpg
АСТАНА, 13 наурыз – Sputnik. Алматыда танысу сайттары арқылы ер адамдарды алдап, тонап келген күдіктілер тобы ұсталды, деп хабарлады Polisia.kz.Қаскөйлердің әрекет ету схемасы қарапайым, бірақ олар үшін өте тиімді болған: қыздар танысу сайттарында ер адамдардың назарын аударып, оларды жеке кездесуге шақырған. Кездесу барысында сыбайластары кенеттен шабуыл жасап, жәбірленушілердің ақшасы мен бағалы заттарын тартып алған.Алматы қалалық полиция департаментінің криминалдық полиция басқармасының бастығы Талант Исаевтың айтуынша, жедел-іздестіру шаралары барысында осындай алты қылмыс жасағанын мойындаған 26 күдікті ұсталды.Еске сала кетейік, бұған дейін полиция танысу сайттарын өздерінің қылмыстық әрекетіне пайдаланатын қылмыстық топтардың көбейгенін ескертіп, интернет арқылы танысқан кезде сақ болуға шақырған еді.
https://sputnik.kz/20240126/qazaqstannyn-eki-qalasynda-oqushylardy-tonagan-eki-qylmystyq-top-ustaldy--video-41844103.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/169/63/1696334_185:0:2858:2005_1920x0_80_0_0_8c70a067cfb5d74b13117eb09dded0b1.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қылмыстық топ
Қызбен танысуға келгендерді тонаған: Алматыда қылмыстық топ ұсталды
Олардың басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде
АСТАНА, 13 наурыз – Sputnik. Алматыда танысу сайттары арқылы ер адамдарды алдап, тонап келген күдіктілер тобы ұсталды, деп хабарлады
Polisia.kz. Қаскөйлердің әрекет ету схемасы қарапайым, бірақ олар үшін өте тиімді болған: қыздар танысу сайттарында ер адамдардың назарын аударып, оларды жеке кездесуге шақырған. Кездесу барысында сыбайластары кенеттен шабуыл жасап, жәбірленушілердің ақшасы мен бағалы заттарын тартып алған.
Алматы қалалық полиция департаментінің криминалдық полиция басқармасының бастығы Талант Исаевтың айтуынша, жедел-іздестіру шаралары барысында осындай алты қылмыс жасағанын мойындаған 26 күдікті ұсталды.
"Күдіктілердің барлығы қамауға алынды, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Олардың басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде. Мұндай әрекеттер құрбандарға ғана емес, жалпы қоғамға үлкен қауіп төндіреді", – деді Исаев.
Еске сала кетейік, бұған дейін полиция танысу сайттарын өздерінің қылмыстық әрекетіне пайдаланатын қылмыстық топтардың көбейгенін ескертіп, интернет арқылы танысқан кезде сақ болуға шақырған еді.