https://sputnik.kz/20240126/qazaqstannyn-eki-qalasynda-oqushylardy-tonagan-eki-qylmystyq-top-ustaldy--video-41844103.html
Қазақстанда оқушыларды тонаған екі қылмыстық топ ұсталды – видео
Қазақстанда оқушыларды тонаған екі қылмыстық топ ұсталды – видео
Sputnik Қазақстан
Олар балаларды тонап, кредит алуға мәжбүрлеген. Тіпті, пәтерге қамап қойған 26.01.2024, Sputnik Қазақстан
2024-01-26T09:12+0500
2024-01-26T09:12+0500
2024-01-26T09:46+0500
қылмыстық топ
https://sputnik.kz/img/07e6/08/0a/26639669_0:359:2273:1638_1920x0_80_0_0_9ff3ef3872f66b7a250e89d3a41695c2.jpg
АСТАНА, 26 қаңтар – Sputnik. Шымкент пен Павлодарда құрамына жас жігіттер кіретін екі топ ұсталды. Олар кәмелет жасқа толмаған балаларды тонап, кредит алуға мәжбүрлеген. Тіпті, пәтерге қамап қойып, заңсыз бас бостандығынан айырған, деп хабарлайды Polisia.kz Павлодарда ұсталған қылмыстық топ құрамына 18-23 жастағы бес жігіт кірген. Олар құрдастарын оқу орындары мен жатақханаларда, сондай-ақ сауда ойын-сауық орталықтарында қорқыту және күш қолдану арқылы онлайн-қосымшалар арқылы несиелер ресімдеуге мәжбүрлеген. Одан кейін барлық ақша мен тауарды тартып алған.Ал Шымкент қаласында алты адамнан тұратын қылмыстық топ ұсталды. Олар өздерін полиция қызметкері ретінде таныстырып, қорқыту, ұрып-соғу және бас бостандығынан заңсыз айыру арқылы ірі көлемде ақша бопсалаған. Алтауы да уақытша қамау абақтысына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу басталды.Айта кетері, осы қылмыстар үшін үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/08/0a/26639669_0:287:2273:1992_1920x0_80_0_0_42a1875d27f2dcde87e76f821fdcb7e9.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қылмыстық топ
Қазақстанда оқушыларды тонаған екі қылмыстық топ ұсталды – видео
09:12 26.01.2024 (жаңартылды: 09:46 26.01.2024) Олар балаларды тонап, кредит алуға мәжбүрлеген. Тіпті, пәтерге қамап қойған
АСТАНА, 26 қаңтар – Sputnik. Шымкент пен Павлодарда құрамына жас жігіттер кіретін екі топ ұсталды. Олар кәмелет жасқа толмаған балаларды тонап, кредит алуға мәжбүрлеген. Тіпті, пәтерге қамап қойып, заңсыз бас бостандығынан айырған, деп хабарлайды
Polisia.kz Павлодарда ұсталған қылмыстық топ құрамына 18-23 жастағы бес жігіт кірген. Олар құрдастарын оқу орындары мен жатақханаларда, сондай-ақ сауда ойын-сауық орталықтарында қорқыту және күш қолдану арқылы онлайн-қосымшалар арқылы несиелер ресімдеуге мәжбүрлеген. Одан кейін барлық ақша мен тауарды тартып алған.
"Оларға бопсалау, тонау және алаяқтық қылмыстары бойынша айып тағылды. Қылмыстық топтың барлық қатысушысы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды", – дейді ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің басқарма бастығы Қуандық Алпыс.
Ал Шымкент қаласында алты адамнан тұратын қылмыстық топ ұсталды. Олар өздерін полиция қызметкері ретінде таныстырып, қорқыту, ұрып-соғу және бас бостандығынан заңсыз айыру арқылы ірі көлемде ақша бопсалаған. Алтауы да уақытша қамау абақтысына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу басталды.
Айта кетері, осы қылмыстар үшін үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.