https://sputnik.kz/20250313/premer-atom-energiyasyn-beybit-maqsatta-paydalanu-salasyndagy-negizgi-zhobalarmen-tanysty-51590128.html
Премьер атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы негізгі жобалармен танысты
Премьер атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы негізгі жобалармен танысты
Sputnik Қазақстан
Ұлттық ядролық орталықта ғылыми ізденістер жүргізу, халықаралық ынтымақтастықты дамыту, сондай-ақ жоғары білікті мамандар даярлау мәселелері қамтылған 13.03.2025, Sputnik Қазақстан
2025-03-13T16:50+0500
2025-03-13T16:50+0500
2025-03-13T16:50+0500
олжас бектенов
атом электр станциясы
https://sputnik.kz/img/07e9/02/1a/51178760_0:42:800:492_1920x0_80_0_0_4953bfa6ddbc0a07948e5c6a42c8faee.jpg.webp
АСТАНА, 13 наурыз – Sputnik. Абай облысындағы Ұлттық ядролық орталықтың кеңсесінде премьер-министрге атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы негізгі жобалар туралы баяндалды.Олжас Бектенов өңірде экологиялық тепе-теңдікті қалпына келтіруге бағытталған зерттеулерді жалғастырудың маңыздылығына тоқталды.Аталған орталықта премьер-министрдің төрағалығымен энергетикалық қауіпсіздік мәселелері бойынша кеңес өтті.Энергетика министрлігі Атом саласын дамытудың 2050 жылға дейінгі стратегиясын әзірлеуде, ол келешекте атом стансаларын салу және ядро-энергетикалық бағдарламаны тиімді іске асыру үшін қажетті басқа да бағыттарды дамыту жоспарларын қамтиды. Сондай-ақ Ғылым және жоғары білім министрлігімен бірлесіп, отандық жоғары оқу орындары, колледждер және "Ядролық физика институты" РМК базасында АЭС салу, пайдалану және техникалық қызмет көрсету үшін жоғары білікті мамандар даярлау бойынша кешенді жоспар жобасы әзірленді. Сондай-ақ Курчатов аумағында ғылыми қалашықтарды дамыту бойынша ұсынылған тәсілдер қаралды."Қазақстан – әлемдік нарықтағы 43% үлесімен уран экспорты бойынша көшбасшы мемлекет. Бізде зерттеу реакторларын пайдалану тәжірибесі бар және мықты ғылыми әлеует қалыптасқан. Толық ядролық отын цикліне көшу экономиканың барлық саласында ілгерілеуді қамтамасыз етеді", — деп атап өтті Олжас Бектенов.
https://sputnik.kz/20250226/eldegi-aes-qurylysyn-kim-zhurgizetini-1-shildege-deyin-belgili-bolady---ministr-51172986.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/02/1a/51178760_45:0:756:533_1920x0_80_0_0_79b9ed844cce947b10d7e4c47de8e9a5.jpg.webpSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
олжас бектенов, атом электр станциясы
олжас бектенов, атом электр станциясы
Премьер атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы негізгі жобалармен танысты
Ұлттық ядролық орталықта ғылыми ізденістер жүргізу, халықаралық ынтымақтастықты дамыту, сондай-ақ жоғары білікті мамандар даярлау мәселелері қамтылған
АСТАНА, 13 наурыз – Sputnik. Абай облысындағы Ұлттық ядролық орталықтың кеңсесінде премьер-министрге атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы негізгі жобалар туралы баяндалды.
Олжас Бектенов өңірде экологиялық тепе-теңдікті қалпына келтіруге бағытталған зерттеулерді жалғастырудың маңыздылығына тоқталды.
Аталған орталықта премьер-министрдің төрағалығымен энергетикалық қауіпсіздік мәселелері бойынша кеңес өтті.
Энергетика министрлігі Атом саласын дамытудың 2050 жылға дейінгі стратегиясын әзірлеуде, ол келешекте атом стансаларын салу және ядро-энергетикалық бағдарламаны тиімді іске асыру үшін қажетті басқа да бағыттарды дамыту жоспарларын қамтиды. Сондай-ақ Ғылым және жоғары білім министрлігімен бірлесіп, отандық жоғары оқу орындары, колледждер және "Ядролық физика институты" РМК базасында АЭС салу, пайдалану және техникалық қызмет көрсету үшін жоғары білікті мамандар даярлау бойынша кешенді жоспар жобасы әзірленді. Сондай-ақ Курчатов аумағында ғылыми қалашықтарды дамыту бойынша ұсынылған тәсілдер қаралды.
"Қазақстан – әлемдік нарықтағы 43% үлесімен уран экспорты бойынша көшбасшы мемлекет. Бізде зерттеу реакторларын пайдалану тәжірибесі бар және мықты ғылыми әлеует қалыптасқан. Толық ядролық отын цикліне көшу экономиканың барлық саласында ілгерілеуді қамтамасыз етеді", — деп атап өтті Олжас Бектенов.