https://sputnik.kz/20250226/eldegi-aes-qurylysyn-kim-zhurgizetini-1-shildege-deyin-belgili-bolady---ministr-51172986.html
Атом электр станциясын кім салатыны 1 шілдеге дейін белгілі болады
Атом электр станциясын кім салатыны 1 шілдеге дейін белгілі болады
Sputnik Қазақстан
Келісімшарттар қараша айының соңына дейін жасалады 26.02.2025, Sputnik Қазақстан
2025-02-26T16:02+0500
2025-02-26T16:02+0500
2025-02-26T16:24+0500
атом электр станциясы
құрылыс
министр
https://sputnik.kz/img/07e8/06/1a/45238421_0:893:2048:2045_1920x0_80_0_0_97f20602c53734e8a01e3184d667d445.jpg.webp
АСТАНА, 26 ақпан — Sputnik. Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев атом электр станциясын салу бойынша вендор немесе консорциумды таңдау бойынша түпкілікті шешім 2025 жылдың 1 шілдесіне дейін қабылданатынын мәлімдеді.Қараша айына дейін үкіметаралық келісім мен тиісті келісімшарттарды жасау жоспарлануда.Сондай-ақ 2050 жылға дейінгі атом саласын дамыту стратегиясы әзірленеді. Ол ядролық-энергетикалық бағдарламаны тиімді жүзеге асыру және ядролық кластерді дамыту үшін қажетті келесі атом электр станцияларын салу жоспарларын да, атом саласының басқа бағыттарын дамытуды да қамтитын болады.Сондай-ақ, Сәтқалиев 2024 жылдың желтоқсанында үкімет Алматы облысының Жамбыл ауданында атом электр станциясын салуға арналған аумақты бекіткенін айтты.Еске салайық, елде атом электр станциясын салуға үміткерлер қатарында ресейлік "Росатом", кореялық KHNP компаниясы, Қытайдың CNNC және Францияның EDF компаниялары бар.
https://sputnik.kz/20250225/aes-salynatyn-zher-resmi-turde-bekitildi-51154210.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/06/1a/45238421_0:701:2048:2237_1920x0_80_0_0_3566d5f646411cfdfb258a12d3b85b73.jpg.webpSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
атом электр станциясы, құрылыс, министр
атом электр станциясы, құрылыс, министр
Атом электр станциясын кім салатыны 1 шілдеге дейін белгілі болады
16:02 26.02.2025 (жаңартылды: 16:24 26.02.2025) Келісімшарттар қараша айының соңына дейін жасалады
АСТАНА, 26 ақпан — Sputnik. Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев атом электр станциясын салу бойынша вендор немесе консорциумды таңдау бойынша түпкілікті шешім 2025 жылдың 1 шілдесіне дейін қабылданатынын мәлімдеді.
Қараша айына дейін үкіметаралық келісім мен тиісті келісімшарттарды жасау жоспарлануда.
Сондай-ақ 2050 жылға дейінгі атом саласын дамыту стратегиясы әзірленеді. Ол ядролық-энергетикалық бағдарламаны тиімді жүзеге асыру және ядролық кластерді дамыту үшін қажетті келесі атом электр станцияларын салу жоспарларын да, атом саласының басқа бағыттарын дамытуды да қамтитын болады.
Сондай-ақ, Сәтқалиев 2024 жылдың желтоқсанында үкімет Алматы облысының Жамбыл ауданында атом электр станциясын салуға арналған аумақты бекіткенін айтты.
"Өткен жылы АЭС құрылысы бойынша консорциумды таңдау бойынша ашық конкурстық диалог процесі аясында ядролық технологиялардың әлеуетті жеткізушілерімен келіссөздер жүргізілді", - деді энергетика министрі.
Еске салайық, елде атом электр станциясын салуға үміткерлер қатарында ресейлік "Росатом", кореялық KHNP компаниясы, Қытайдың CNNC және Францияның EDF компаниялары бар.