АЭС салынатын жер ресми түрде бекітілді

© Sputnik / Болат ШайхиновЗдание правительства РК в Астане
Здание правительства РК в Астане - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.02.2025
Жазылу
АСТАНА, 25 ақпан– Sputnik. Үкімет бірінші атом электр станциясы салынатын жерді ресми түрде бекітті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Үкімет қаулысы 2024 жылы 30 желтоқсан күні қабылданған болатын. Бірақ жарияланған күннен, яғни бүгіннен бастап күшіне енді.
"Атом электр станциясы Алматы облысындағы Жамбыл ауданында салынады", - делінген ресми қаулыда.
Бұған дейін Тоқаев АЭС құрылысын жылдамдатуды тапсырды. Ал энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Қазақстанға кем дегенде үш АЭС қажет болатынын айтқан. Оларды бөлек-бөлек емес, бірден салған жөн. Сонда бірыңғай ядролық кластерді құруға мүмкіндік болады.
Строительство атомной электростанции Аккую в Турции - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.01.2025
Қазақстанда үш АЭС салу қажет - энергетика министрі
Жаңалықтар
0