https://sputnik.kz/20250313/europa-odagy-ortalyq-aziyaga-ayryqsha-nazar-audaryp-otyr--europalyq-komissar-51586007.html
Еуропа Одағы Орталық Азияға айрықша назар аударып отыр – еуропалық комиссар
Еуропа Одағы Орталық Азияға айрықша назар аударып отыр – еуропалық комиссар
Sputnik Қазақстан
Қазақстан Еуропа Одағының Орталық Азиядағы негізгі әріптесі болып қала береді 13.03.2025, Sputnik Қазақстан
2025-03-13T15:26+0500
2025-03-13T15:26+0500
2025-03-13T15:28+0500
еуропалық одақ
https://sputnik.kz/img/07e7/06/02/35581854_0:34:1280:754_1920x0_80_0_0_fd40b812a59eb3db69b5ab40e020a13b.jpg
АСТАНА, 13 наурыз – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық серіктестік жөніндегі еуропалық комиссар Йозеф Сикеланы қабылдады, деп хабарлады Ақорда.Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропа Одағының жоғары мәртебелі өкіліне ілтипат білдіре отырып, еліміз маңызды сыртқы экономикалық және инвестициялық серіктес ретінде Ұйыммен жан-жақты стратегиялық ынтымақтастыққа басымдық беретінін айтты.Йозеф Сикела кездесу үшін президентке ризашылығын жеткізіп, Еуропа Одағы аймаққа айрықша назар аударып отырғанын атап өтті."Халықаралық серіктестік жөніндегі комиссар ретінде алғашқы сапарыма баса мән беремін. Орталық Азияның бес еліне келу жөнінде шешім қабылдауым бекер емес. Бұл – Еуропа Одағының Қазақстанмен және аймақтың басқа мемлекеттерімен анағұрлым терең әрі орнықты байланыс орнатуға ниетті екенін айқын көрсетеді", – деді еурокомиссар.Қасым-Жомарт Тоқаев пен Йозеф Сикела көлік дәліздерін, логистикалық инфрақұрылымды, орнықты энергетика мен цифрлық шешімдерді дамыту бойынша қазіргі уақытта жүзеге асырылып жатқан және жаңа экономикалық жобаларға ден қоя отырып, екіжақты күн тәртібінің нақты мәселелерін талқылады.Сонымен қатар өңірлік және жаһандық өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасып, халықаралық аренадағы, соның ішінде "Орталық Азия – Еуропа Одағы" форматы аясында әдіс-тәсілдерді одан әрі үйлестіруге дайын екендіктерін растады.
https://sputnik.kz/20250211/toqaev-europalyq-kenes-prezidenti-antoniu-koshtamen-telefon-arqyly-soylesti-50783834.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/06/02/35581854_115:0:1166:788_1920x0_80_0_0_4a4e215bf0a12619a5abe6bb8a4328ff.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
еуропалық одақ
Еуропа Одағы Орталық Азияға айрықша назар аударып отыр – еуропалық комиссар
15:26 13.03.2025 (жаңартылды: 15:28 13.03.2025) Қазақстан Еуропа Одағының Орталық Азиядағы негізгі әріптесі болып қала береді
АСТАНА, 13 наурыз – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық серіктестік жөніндегі еуропалық комиссар Йозеф Сикеланы қабылдады, деп хабарлады Ақорда.
Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропа Одағының жоғары мәртебелі өкіліне ілтипат білдіре отырып, еліміз маңызды сыртқы экономикалық және инвестициялық серіктес ретінде Ұйыммен жан-жақты стратегиялық ынтымақтастыққа басымдық беретінін айтты.
"Қазақстан Еуропа Одағының Орталық Азиядағы негізгі әріптесі болып қала береді. Cеріктестікті кеңейту және ынтымақтастық туралы келісім біздің көпжоспарлы өзара ықпалдастығымызды тереңдетудің берік негізін қалайды", – деді мемлекет басшысы.
Йозеф Сикела кездесу үшін президентке ризашылығын жеткізіп, Еуропа Одағы аймаққа айрықша назар аударып отырғанын атап өтті.
"Халықаралық серіктестік жөніндегі комиссар ретінде алғашқы сапарыма баса мән беремін. Орталық Азияның бес еліне келу жөнінде шешім қабылдауым бекер емес. Бұл – Еуропа Одағының Қазақстанмен және аймақтың басқа мемлекеттерімен анағұрлым терең әрі орнықты байланыс орнатуға ниетті екенін айқын көрсетеді", – деді еурокомиссар.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Йозеф Сикела көлік дәліздерін, логистикалық инфрақұрылымды, орнықты энергетика мен цифрлық шешімдерді дамыту бойынша қазіргі уақытта жүзеге асырылып жатқан және жаңа экономикалық жобаларға ден қоя отырып, екіжақты күн тәртібінің нақты мәселелерін талқылады.
Сонымен қатар өңірлік және жаһандық өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасып, халықаралық аренадағы, соның ішінде "Орталық Азия – Еуропа Одағы" форматы аясында әдіс-тәсілдерді одан әрі үйлестіруге дайын екендіктерін растады.