Тоқаев Еуропалық кеңес президенті Антониу Коштамен телефон арқылы сөйлесті

© Пресс-служба президента КазахстанаСостоялся телефонный разговор Касым-Жомарта Токаева с президентом Европейского Совета Антониу Коштой
Состоялся телефонный разговор Касым-Жомарта Токаева с президентом Европейского Совета Антониу Коштой - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.02.2025
Жазылу
АСТАНА, 11 ақпан - Sputnik. Еуропа тарапының бастамасымен Қасым-Жомарт Тоқаев пен Антониу Кошта телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Ақорда.
Әңгімелесу барысында Қазақстан мен Еуропа Одағының арасындағы байланыстарды нығайтудың өзекті мәселелері мен келешегі талқыланды.
"Мемлекет басшысы Еуропа Одағымен, соның ішінде Кеңейтілген серіктестік және ынтымақтастық туралы келісім аясындағы қарым-қатынастардың даму қарқынына оң баға берді. Сондай-ақ сауда, инвестиция, энергетика, көлік-логистика және цифрлық трансформация салаларындағы байланыстарды тереңдету мен орнықты дамудың маңызы айтылды", - деп жазылған хабарламада.
Тараптар екіжақты және өңірлік күн тәртібінің барлық бағыты бойынша диалог пен өзара ықпалдастықты ілгерілетуге алдағы уақытта да дайын екенін растады.
Қасым-Жомарт Тоқаев Антониу Коштаны Қазақстанға сапармен келуге шақырды.
Тоқаев күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.02.2025
Тоқаев күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
Жаңалықтар
0