АСТАНА, 11 ақпан – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Дубайда өткен UAE SWAT Challenge сайысында үздіктер қатарынан көрінген күштік құрылым қызметкерлерін... 11.02.2025, Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 11 ақпан – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Дубайда өткен UAE SWAT Challenge сайысында үздіктер қатарынан көрінген күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады, деп хабарлады Ақорда.Биыл дүбірлі додаға Қазақстан атынан 12 команда қатысқан. Ішкі істер министрлігінің "Сұңқар" және "Томирис" командалары халықаралық жарыстың күміс жүлдегері атанды.Ал Ұлттық қауіпсіздік комитетінің "Арыстан" командасы төртінші орынға ие болды. Мемлекеттік күзет қызметі мен Қорғаныс министрлігінің командалары да шеберліктің үздік үлгісін көрсетті.Мемлекет басшысы жеңімпаздарды құттықтап, бұл табыс тиянақты дайындық пен қажырлы еңбектің нәтижесі екенін атап өтті.Мемлекет басшысы халқымыздың ерлік дәстүрі тереңде жатқанына назар аударды."Биыл Ұлы Жеңістің 80 жылдығын атап өтеміз. Бұл – бостандық пен әділдік ұғымдарын ту етіп, майданда жанқиярлықпен шайқасқан, тылда еңбек еткен барша қазақстандықтарға көрсетілген құрмет. Батырларымыздың теңдессіз ерлігін ұрпақ жадында сақтау – парызымыз. Бүгінде сіздер жауынгер халықтың ұрпағы ретінде Отан алдындағы қасиетті парызды терең түсініп, адал қызмет етіп жүрсіздер", – деді президент.Қасым-Жомарт Тоқаев ел тыныштығын күзеткен арнаулы қызметтер мен күштік құрылымдардың атқарған істеріне тоқталды."Былтыр Ұлттық қауіпсіздік комитеті заңсыз әрекеттердің алдын алу үшін жиырмадан астам жедел жауынгерлік іс-шара өткізді. Екі террорлық актінің жолын кесіп, қаскөйлерге тосқауыл қойды. Ұлттық ұлан жасақтары төтенше жағдайлардың салдарын жоюға белсене атсалысты. Ішкі істер министрлігінің құрылымдары ауқымды жұмыс атқарып жатыр. Өткен жылы есірткі өндіретін 64 орын жабылды. 22 мың тонна есірткі тәркіленді. Есірткіні жарнамалаған 7,5 мың сайт бұғатталды", – деді мемлекет басшысы.Оның мәліметінше екі миллиард теңгеден астам қаржыны шетелге шығармақ болған алаяқтардың жолы кесілді."Соңғы үш жылда 8 мыңға жуық түрлі қару-жарақ табылды. Мұндай мысалдар өте көп. Арнаулы қызмет қатарындағы мыңдаған сарбаз мемлекеттің егемендігі мен азаматтардың қауіпсіздігін қорғап жүр. Жауынгерлеріміз қашанда Отан алдындағы антына адал", - деп түйіндеді Қасым-Жомарт Тоқаев.
АСТАНА, 11 ақпан – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Дубайда өткен UAE SWAT Challenge сайысында үздіктер қатарынан көрінген күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады, деп хабарлады Ақорда.
Биыл дүбірлі додаға Қазақстан атынан 12 команда қатысқан. Ішкі істер министрлігінің "Сұңқар" және "Томирис" командалары халықаралық жарыстың күміс жүлдегері атанды.
Ал Ұлттық қауіпсіздік комитетінің "Арыстан" командасы төртінші орынға ие болды. Мемлекеттік күзет қызметі мен Қорғаныс министрлігінің командалары да шеберліктің үздік үлгісін көрсетті.
Мемлекет басшысы жеңімпаздарды құттықтап, бұл табыс тиянақты дайындық пен қажырлы еңбектің нәтижесі екенін атап өтті.
"Елдің атын ер шығарар" деген. Сайыпқыран сарбаздарымыз көк туымызды асқақ желбіретті. Төрткүл дүние жауынгерлеріміздің мықтылығына куә болды. Біз сіздерді мақтан тұтамыз. Осындай жеңісті сәттер барша халқымыздың, әсіресе, өскелең ұрпақтың рухын көтереді. Ел қорғаны мықты болса, Қазақстанның еңсесі әрдайым биік болмақ, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мемлекет басшысы халқымыздың ерлік дәстүрі тереңде жатқанына назар аударды.
"Биыл Ұлы Жеңістің 80 жылдығын атап өтеміз. Бұл – бостандық пен әділдік ұғымдарын ту етіп, майданда жанқиярлықпен шайқасқан, тылда еңбек еткен барша қазақстандықтарға көрсетілген құрмет. Батырларымыздың теңдессіз ерлігін ұрпақ жадында сақтау – парызымыз. Бүгінде сіздер жауынгер халықтың ұрпағы ретінде Отан алдындағы қасиетті парызды терең түсініп, адал қызмет етіп жүрсіздер", – деді президент.
Қасым-Жомарт Тоқаев ел тыныштығын күзеткен арнаулы қызметтер мен күштік құрылымдардың атқарған істеріне тоқталды.
"Былтыр Ұлттық қауіпсіздік комитеті заңсыз әрекеттердің алдын алу үшін жиырмадан астам жедел жауынгерлік іс-шара өткізді. Екі террорлық актінің жолын кесіп, қаскөйлерге тосқауыл қойды. Ұлттық ұлан жасақтары төтенше жағдайлардың салдарын жоюға белсене атсалысты. Ішкі істер министрлігінің құрылымдары ауқымды жұмыс атқарып жатыр. Өткен жылы есірткі өндіретін 64 орын жабылды. 22 мың тонна есірткі тәркіленді. Есірткіні жарнамалаған 7,5 мың сайт бұғатталды", – деді мемлекет басшысы.
Оның мәліметінше екі миллиард теңгеден астам қаржыны шетелге шығармақ болған алаяқтардың жолы кесілді.
"Соңғы үш жылда 8 мыңға жуық түрлі қару-жарақ табылды. Мұндай мысалдар өте көп. Арнаулы қызмет қатарындағы мыңдаған сарбаз мемлекеттің егемендігі мен азаматтардың қауіпсіздігін қорғап жүр. Жауынгерлеріміз қашанда Отан алдындағы антына адал", - деп түйіндеді Қасым-Жомарт Тоқаев.