https://sputnik.kz/20250313/almatylyq-zhasospirim-56-milliard-tenge-tsifrlyq-aktivterdin-zansyz-aynalymyn-zhasagan-51574800.html
5,6 млрд теңге заңсыз айналым жасаған алматылық жасөспірімге сот үкімі шықты
5,6 млрд теңге заңсыз айналым жасаған алматылық жасөспірімге сот үкімі шықты
Sputnik Қазақстан
Көрсеткен қызметі үшін жасөспірім 0,5%-тен 2,5%-ке дейін сыйақы алып отырған 13.03.2025, Sputnik Қазақстан
2025-03-13T11:15+0500
2025-03-13T11:15+0500
2025-03-13T12:52+0500
қаржы нарығы
күдікті
https://sputnik.kz/img/07e8/0a/0a/47720250_0:0:1200:675_1920x0_80_0_0_89fe7042a2cf45140823676045e3a843.jpg.webp
АСТАНА, 13 наурыз – Sputnik. Қаржы мониторингі агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті 5,6 миллиард теңге цифрлық активтердің заңсыз айналымын жасаған жасөспірімге қатысты тергеуді аяқтады, деп хабарлайды агенттік.Кәмелетке толмаған күдікті 2020 жылы қыркүйекте "Telegram" мессенджері мен "OLX" платформасында айырбастау операцияларын жүргізетіні туралы хабарландырулар орналастырған.Күдікті жасөспірім 2021-2024 жылдар аралығында жалпы сомасы 5,6 миллиард теңге цифрлық активтердің заңсыз айналымын жасаған. Көрсеткен қызметі үшін 0,5%-тен 2,5%-ке дейін сыйақы алып отырған."Күдікті өзінің заңсыз табысына Mitsubishi автокөлігін сатып алған, соттың шешімімен бұл автокөлікке тыйым салынды. Сот үкімімен ол Қылмысық кодекстің 214-бабының 2-бөлігі 2-тармағы "Заңсыз кәсіпкерлік, аса ірі мөлшерде табыс алумен ұштасқан" бойынша кінәлі деп танылып, 2,5 жылға еркіндігін шектеу жазасына кесілді", - дейді ведомстводағылар.Сондай-ақ мемлекет кірісіне 5 172 USDТ цифрлық активтері мен Mitsubishi автокөлігі тәркіленді.Еске салайық, былтыр жалпы айналымы 60 млрд теңге болатын 36 заңсыз крипто айырбастау пункті жойылды. Шамамен 2,5 млрд теңге (4,8 млн USDT) сомасына активтер бұғатталып, тәркіленген.
https://sputnik.kz/20250301/semeyde-soqqyga-zhygylgan-zhasospirim-bokspen-aynalysa-bastady-51252370.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/0a/0a/47720250_176:0:1076:675_1920x0_80_0_0_e41318aee66014473453827216e8cd44.jpg.webpSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қаржы нарығы, күдікті
5,6 млрд теңге заңсыз айналым жасаған алматылық жасөспірімге сот үкімі шықты
11:15 13.03.2025 (жаңартылды: 12:52 13.03.2025) Көрсеткен қызметі үшін жасөспірім 0,5%-тен 2,5%-ке дейін сыйақы алып отырған
АСТАНА, 13 наурыз – Sputnik. Қаржы мониторингі агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті 5,6 миллиард теңге цифрлық активтердің заңсыз айналымын жасаған жасөспірімге қатысты тергеуді аяқтады, деп хабарлайды
агенттік.
Кәмелетке толмаған күдікті 2020 жылы қыркүйекте "Telegram" мессенджері мен "OLX" платформасында айырбастау операцияларын жүргізетіні туралы хабарландырулар орналастырған.
"Binance" криптобиржаның пайдаланушылары тек ересектер бола алатындықтан, ол аккаунт жасау үшін ағасының верификациядан өтуін сұраған. 2021 жылы ол айналым сомаларын бөлшектеу және бұғаттау тәуекелін төмендету мақсатында өзінің туыстарының атына қосымша тағы үш аккаунт тіркеген", - дейді қаржылық мониторинг агенттігіндегілер.
Күдікті жасөспірім 2021-2024 жылдар аралығында жалпы сомасы 5,6 миллиард теңге цифрлық активтердің заңсыз айналымын жасаған. Көрсеткен қызметі үшін 0,5%-тен 2,5%-ке дейін сыйақы алып отырған.
"Күдікті өзінің заңсыз табысына Mitsubishi автокөлігін сатып алған, соттың шешімімен бұл автокөлікке тыйым салынды. Сот үкімімен ол Қылмысық кодекстің 214-бабының 2-бөлігі 2-тармағы "Заңсыз кәсіпкерлік, аса ірі мөлшерде табыс алумен ұштасқан" бойынша кінәлі деп танылып, 2,5 жылға еркіндігін шектеу жазасына кесілді", - дейді ведомстводағылар.
Сондай-ақ мемлекет кірісіне 5 172 USDТ цифрлық активтері мен Mitsubishi автокөлігі тәркіленді.
Еске салайық, былтыр жалпы айналымы 60 млрд теңге болатын 36 заңсыз крипто айырбастау пункті жойылды. Шамамен 2,5 млрд теңге (4,8 млн USDT) сомасына активтер бұғатталып, тәркіленген.