https://sputnik.kz/20250301/semeyde-soqqyga-zhygylgan-zhasospirim-bokspen-aynalysa-bastady-51252370.html
Семейде соққыға жығылған жасөспірім бокспен айналыса бастады
Семейде соққыға жығылған жасөспірім бокспен айналыса бастады
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 1 наурыз– Sputnik. Семей қаласында бұзақылардың әрекетінен зардап шеккен 11 жастағы баланы ішкі істер министрлігінің "Динамо" дене шынықтыру-спорт... 01.03.2025, Sputnik Қазақстан
2025-03-01T14:50+0500
2025-03-01T14:50+0500
2025-03-01T14:50+0500
семей
https://sputnik.kz/img/333/20/3332058_0:50:1921:1130_1920x0_80_0_0_8371d0040e30520596d11ee0e8b6a591.jpg.webp
АСТАНА, 1 наурыз– Sputnik. Семей қаласында бұзақылардың әрекетінен зардап шеккен 11 жастағы баланы ішкі істер министрлігінің "Динамо" дене шынықтыру-спорт қоғамы өз қамқорлығына алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Polisia.kz порталына сілтеме жасап.Динамолықтар балаға тәлімгерлік көрсетіп, сенімділігін нығайтуға, өзін қорғай білуге үйретуді мақсат тұтып отыр. Жасөспірім боксшылардың жаттығуына ерекше қызығушылық білдірді. Бұл спорт түрі бұрыннан ұнайтынын да айтты. Ал осы жолы өз күшін сынап көрді.Жаттығу соңында оған "Динамо" спорттық формасы табыс етілді. Жаттықтырушылар оны тегін үйретеміз дейді."Енді ол тұрақты түрде жаттығып, күш-қуатын арттырып, өз-өзіне деген сенімділігін нығайтатын болады. Егер жақсы нәтиже көрсетсе, "ЖАС САҚШЫ" полицейлік сыныптарының қатарына қосыла алады. Мұнда ол құқықтық тәртіп пен тәртіптілік туралы құнды білім алады", – деп атап көрсетті полицейлер.Айта кетері, жақында Семейде жасөспірімдер алтыншы сынып оқушысын соққыға жықты. Әлеуметтік желіде бір топ мектеп оқушысының баланы ұрып-соғып, қорлап жатқаны жайлы видео тарады. Оны қорлағандардың арасында қыздар да болған.
https://sputnik.kz/20250226/semeydegi-oqiga-ush-ata-anany-balany-tarbieleu-quqygynan-ayyru-turaly-usynys-zhasaldy-51163184.html
семей
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/333/20/3332058_79:0:1786:1280_1920x0_80_0_0_e1f5865573053ac7d08bb0f727b5b85f.jpg.webpSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
семей
Семейде соққыға жығылған жасөспірім бокспен айналыса бастады
АСТАНА, 1 наурыз– Sputnik. Семей қаласында бұзақылардың әрекетінен зардап шеккен 11 жастағы баланы ішкі істер министрлігінің "Динамо" дене шынықтыру-спорт қоғамы өз қамқорлығына алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан
Polisia.kz порталына сілтеме жасап.
Динамолықтар балаға тәлімгерлік көрсетіп, сенімділігін нығайтуға, өзін қорғай білуге үйретуді мақсат тұтып отыр. Жасөспірім боксшылардың жаттығуына ерекше қызығушылық білдірді. Бұл спорт түрі бұрыннан ұнайтынын да айтты. Ал осы жолы өз күшін сынап көрді.
Жаттығу соңында оған "Динамо" спорттық формасы табыс етілді. Жаттықтырушылар оны тегін үйретеміз дейді.
"Енді ол тұрақты түрде жаттығып, күш-қуатын арттырып, өз-өзіне деген сенімділігін нығайтатын болады. Егер жақсы нәтиже көрсетсе, "ЖАС САҚШЫ" полицейлік сыныптарының қатарына қосыла алады. Мұнда ол құқықтық тәртіп пен тәртіптілік туралы құнды білім алады", – деп атап көрсетті полицейлер.
Айта кетері, жақында Семейде жасөспірімдер алтыншы сынып оқушысын соққыға жықты. Әлеуметтік желіде бір топ мектеп оқушысының баланы ұрып-соғып, қорлап жатқаны жайлы видео тарады. Оны қорлағандардың арасында қыздар да болған.