https://sputnik.kz/20250226/semeydegi-oqiga-ush-ata-anany-balany-tarbieleu-quqygynan-ayyru-turaly-usynys-zhasaldy-51163184.html
Семейдегі оқиға: үш ата-ананы баланы тәрбиелеу құқығынан айыру туралы ұсыныс жасалды
Семейдегі оқиға: үш ата-ананы баланы тәрбиелеу құқығынан айыру туралы ұсыныс жасалды
Sputnik Қазақстан
Семейдегі оқиға: үш ата-ананы баланы тәрбиелеу құқығынан айыру туралы ұсыныс жасалды 26.02.2025, Sputnik Қазақстан
2025-02-26T08:24+0500
2025-02-26T08:24+0500
2025-02-26T08:30+0500
абай облысы
жасөспірім
https://sputnik.kz/img/496/71/4967112_19:0:4095:2293_1920x0_80_0_0_419b096ef4698e72192c2e166d07bd98.jpg.webp
АСТАНА, 26 ақпан – Sputnik. Семейде жасөспірімдер алтыншы сынып оқушысын соққыға жыққаннан кейін үш ата-ананы ата-ана құқығынан айыру туралы ұсыныс жасалды, деп хабарлады Абай облысының полициясы.Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның отырысында 22 ақпанда болған оқиға қаралды.Оқиғаға қатысушылардың барлығын уақытша оқшаулау жағдайында түзету және психологтармен жұмыс істеу мақсатында девиантты мінез-құлықты балаларға арналған мамандандырылған мектепке жіберу ұсынылды.Барлық материал сотқа берілді, онда соңғы шешім қабылданады. Кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі сот жасөспірімдердің мамандандырылған мекемеде болу мерзімін анықтап, ата-ана құқығынан айыру туралы түпкілікті қаулы шығарады.Еске сала кетейік, әлеуметтік желіде бір топ мектеп оқушысының баланы ұрып-соғып, қорлап жатқаны жайлы видео тарады. Оны қорлағандардың арасында қыздар да болды.Облыстық полиция департаменті жасөспірімдер арасындағы жанжал ерекше бақылауға алынғанын, жәбірленушіге жан-жақты көмек көрсетіліп жатқанын хабарлады. Мектеп оқушысымен психологтар жұмыс істеп жатыр.
https://sputnik.kz/20250225/abay-oblysynyn-politsiyasy-oqushyny-uryp-sogu-faktisi-boyynsha-qylmystyq-is-qozgady-51141678.html
абай облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/496/71/4967112_528:0:3585:2293_1920x0_80_0_0_0148201afc3a5ca95d961d2f686ab98f.jpg.webpSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
абай облысы, жасөспірім
Семейдегі оқиға: үш ата-ананы баланы тәрбиелеу құқығынан айыру туралы ұсыныс жасалды
08:24 26.02.2025 (жаңартылды: 08:30 26.02.2025) Семейдегі оқиға: үш ата-ананы баланы тәрбиелеу құқығынан айыру туралы ұсыныс жасалды
АСТАНА, 26 ақпан – Sputnik. Семейде жасөспірімдер алтыншы сынып оқушысын соққыға жыққаннан кейін үш ата-ананы ата-ана құқығынан айыру туралы ұсыныс жасалды, деп хабарлады Абай облысының полициясы.
Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның отырысында 22 ақпанда болған оқиға қаралды.
Оқиғаға қатысушылардың барлығын уақытша оқшаулау жағдайында түзету және психологтармен жұмыс істеу мақсатында девиантты мінез-құлықты балаларға арналған мамандандырылған мектепке жіберу ұсынылды.
"Комиссия үш ата-ананы ата-ана құқығынан айыру және бір өкілге қатысты екі балаға қамқоршылықты тоқтату туралы ұсыныс жасады", - деп жазылған хабарламада.
Барлық материал сотқа берілді, онда соңғы шешім қабылданады. Кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі сот жасөспірімдердің мамандандырылған мекемеде болу мерзімін анықтап, ата-ана құқығынан айыру туралы түпкілікті қаулы шығарады.
Еске сала кетейік, әлеуметтік желіде бір топ мектеп оқушысының баланы ұрып-соғып, қорлап жатқаны жайлы видео тарады. Оны қорлағандардың арасында қыздар да болды.
Облыстық полиция департаменті жасөспірімдер арасындағы жанжал ерекше бақылауға алынғанын, жәбірленушіге жан-жақты көмек көрсетіліп жатқанын хабарлады. Мектеп оқушысымен психологтар жұмыс істеп жатыр.