Жыл басынан бері 7,2 мыңнан астам жұмыскердің құқығы қорғалды

© Sputnik / Медина КураковаРаботник Сарыаркинского районного суда
Работник Сарыаркинского районного суда - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.03.2025
Жазылу
Кәсіпорындар басшыларына 69,5 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды
АСТАНА, 12 наурыз – Sputnik. Жыл басынан бері мемлекеттік еңбек инспекторлары 7,2 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғады, деп хабарлады Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
"2025 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 19 кәсіпорны 1,2 мыңнан астам жұмыскерге 328,9 млн теңгеге жалақы бойынша қарыз екенін анықтады. Сонымен бірге түрлі ұйымдарда жүргізілген тексерулер барысында 995 рет еңбек құқығы бұзылғаны анықталды", - деп жазылған хабарламада.
Кәсіпорындар басшыларына орындауға міндетті 579 ұйғарым беріліп, 69,5 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.
Қабылданған шаралардың, оның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімдерін белгілеудің нәтижесінде 900 жұмыскердің құқығы қорғалды. Оларға 135,8 млн теңге төленді.
2025 жылғы 1 наурыздағы деректер бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары 896 тексеру жүргізді, оның барысында 995 бұзушылық анықталды, оның ішінде: еңбек саласында – 904; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша – 85; халықты жұмыспен қамту бойынша – 6.
Қабылданған шаралардың нәтижесінде 6,3 мың жұмыскердің еңбек құқығы қорғалды.
Водитель автобуса - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.03.2025
Семейлік 100-ден астам автобус жүргізушісіне заңсыз айыппұл салынған
Жаңалықтар
0