Семейлік 100-ден астам автобус жүргізушісіне заңсыз айыппұл салынған

© Sputnik / Абзал КалиевВодитель автобуса
Водитель автобуса - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.03.2025
Жазылу
АСТАНА, 7 наурыз – Sputnik. Абай облысында прокурорлар автобус жүргізушілерінің еңбек құқығын қорғады.
Жергілікті кәсіпорындардың бірінде жұмыс беруші еңбек тәртібін бұзғаны үшін жүргізушілерге Еңбек кодексіне қайшы заңсыз айыппұл санкцияларын енгізгені анықталды.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, еңбек тәртібін бұзғаны үшін айыппұл ретіндегі жауаптылық қарастырылмаған. Аталған тәртіптік жазаны қолдану заңсыз.
Семей қаласы прокуратурасының араласуымен кәсіпорында еңбек дауы шешілді. Жұмыс берушінің заңсыз бұйрығының күші жойылып, кәсіпорындағы 125 қызметкердің конституциялық құқығы қорғалды.
Егер азаматтардың еңбек құқығы бұзылса, олар прокуратураға жүгіне алады.
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.02.2023
Өңірлер
Ақтөбеде автобус жүргізушілері наразылыққа шықты
Жаңалықтар
0