https://sputnik.kz/20230215/aqtobe-avtobus-zhurgizushileri-narazylyq-32111252.html
Ақтөбеде автобус жүргізушілері наразылыққа шықты
Ақтөбеде автобус жүргізушілері наразылыққа шықты
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 15 ақпан – Sputnik. Ақтөбеде қоғамдық көлік жүргізушілері желіге шықпады, деп хабарлайды "Диапазон". 15.02.2023, Sputnik Қазақстан
2023-02-15T10:54+0500
2023-02-15T10:54+0500
2023-08-11T11:43+0500
өңірлер
ақтөбе
жүргізуші
жолаушылар автобусы
https://sputnik.kz/img/07e5/09/1b/18242540_0:0:3339:1879_1920x0_80_0_0_2c42ac18ee06fca8846137b66878ea37.jpg
АСТАНА, 15 ақпан – Sputnik. Ақтөбеде қоғамдық көлік жүргізушілері желіге шықпады, деп хабарлайды "Диапазон".14 ақпан күні "Автопарк" ЖШС-ның кейбір жүргізушілері жолаушыларды тасымалдауды тоқтатқан. Автопарк мәліметінше, №1, 3, 15, 16, 24, 26 бағдарлы автобустар уақытша желіден шықты. Тұрғындар аялдамада автобус күтіп тұрғанына қарамастан жүргізушілер тоқтамай өтіп кетіп отырған.Қоғамдық көлік жүргізушілерінің наразылығына кәсіпорын басшылығының тәртіптік жазасы себеп болған."Ережелерді жүйелі түрде бұзғаны үшін жекелеген жүргізушілерге кәсіпорын тарапынан тәртіптік жаза қолданылды. Олар автопаркке ерте келіп отырған, желіден шығып кеткен, жолаушылардың жолақысын өз шоттарына аударған. Айыппұл түріндегі қатаң шараға келіспеген кейбір жүргізушілер автобустардың жұмысын тоқтатты", - деп түсіндірді жағдайды "Автопарк" ЖШС.Бұған қоса, наразы жүргізушілер басқа әріптестерін де жұмысқа шықпауға көндірген. Осылайша "Автопарк" ЖШС басшылығына ұжым болып қысым көрсетуді көздеген, дейді кәсіпорындағылар.Бұл ретте "Автопарк" ЖШС автобус жүргізушілерінің жалақысы өңірдегі орташа айлықпен деңгейлес екенін және уақытылы төленетінін атап өтті."Алайда мұндай тәртіптік жаза да азаматтардың шағымына жауап ретінде мәжбүрлі түрде қабылданған шара болды", - дейді ЖШС әкімшілігі.Автопарк жағдай ең қысқа уақытта реттелетініне сендірді.
ақтөбе
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/09/1b/18242540_0:0:2729:2047_1920x0_80_0_0_e67255cd18c4e0ef939e40e452633789.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ақтөбе, жүргізуші, жолаушылар автобусы
ақтөбе, жүргізуші, жолаушылар автобусы
АСТАНА, 15 ақпан – Sputnik. Ақтөбеде қоғамдық көлік жүргізушілері желіге шықпады, деп хабарлайды
"Диапазон". 14 ақпан күні "Автопарк" ЖШС-ның кейбір жүргізушілері жолаушыларды тасымалдауды тоқтатқан. Автопарк мәліметінше, №1, 3, 15, 16, 24, 26 бағдарлы автобустар уақытша желіден шықты. Тұрғындар аялдамада автобус күтіп тұрғанына қарамастан жүргізушілер тоқтамай өтіп кетіп отырған.
Қоғамдық көлік жүргізушілерінің наразылығына кәсіпорын басшылығының тәртіптік жазасы себеп болған.
"Ережелерді жүйелі түрде бұзғаны үшін жекелеген жүргізушілерге кәсіпорын тарапынан тәртіптік жаза қолданылды. Олар автопаркке ерте келіп отырған, желіден шығып кеткен, жолаушылардың жолақысын өз шоттарына аударған. Айыппұл түріндегі қатаң шараға келіспеген кейбір жүргізушілер автобустардың жұмысын тоқтатты", - деп түсіндірді жағдайды "Автопарк" ЖШС.
Бұған қоса, наразы жүргізушілер басқа әріптестерін де жұмысқа шықпауға көндірген. Осылайша "Автопарк" ЖШС басшылығына ұжым болып қысым көрсетуді көздеген, дейді кәсіпорындағылар.
Бұл ретте "Автопарк" ЖШС автобус жүргізушілерінің жалақысы өңірдегі орташа айлықпен деңгейлес екенін және уақытылы төленетінін атап өтті.
"Алайда мұндай тәртіптік жаза да азаматтардың шағымына жауап ретінде мәжбүрлі түрде қабылданған шара болды", - дейді ЖШС әкімшілігі.
Автопарк жағдай ең қысқа уақытта реттелетініне сендірді.