https://sputnik.kz/20250312/turkistan-politsiyasy-50-den-astam-maldy-iesine-qaytardy-51568483.html
Түркістан полициясы 50-ден астам малды иесіне қайтарды
Түркістан полициясы 50-ден астам малды иесіне қайтарды
Sputnik Қазақстан
Оның ішінде 22 жылқы мен 33 бас ұсақ мал бар 12.03.2025, Sputnik Қазақстан
2025-03-12T21:56+0500
2025-03-12T21:56+0500
2025-03-12T21:56+0500
полиция
мал
https://sputnik.kz/img/1122/95/11229509_38:54:946:565_1920x0_80_0_0_41f83d05659181f7efff96bf88ca9fbf.jpg
АСТАНА, 12 наурыз – Sputnik. Түркістан облысының аумағында полицейлер "Мал ұрысы" жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізіп жатыр, деп хабарлайды Polisia.kz.Қазығұрт ауданында полиция қызметкерлері іс-шараның алғашқы тәулігінде мал ұрлығының бір дерегін анықтап, екі күдіктіні ұстады. Олардан ұрланған мал тәркіленді.Сондай-ақ іздеу шаралары барысында мал иелеріне жалпы 55 бас төрт түлік қайтарылды. Оның ішінде 22 жылқы мен 33 бас ұсақ мал бар.Одан бөлек, Түркістан облысы ПД криминалдық полиция қызметкерлері, ветеринарлық инспекциямен және әкімдікпен бірлесіп, Сайрам ауданы Қарабұлақ ауылында 6 мал сою орнын тексерді. Нәтижесінде ветеринария саласындағы құқық бұзушылықтар үшін 30-дан астам әкімшілік хаттама толтырылды.Полицейлер мал ұрлығының алдын алу, құқық бұзушылықтарды анықтау және малды заңсыз тасымалдау, сондай-ақ базарлар мен ет өнімдерін сату пункттерінде тиісті құжаттардың бар-жоғын тексеру бойынша іс-шараларды жалғастырып жатыр.
https://sputnik.kz/20250219/politseyler-elikterdi-zansyz-atqan-kudiktilerdi-ustady-50993297.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1122/95/11229509_14:0:910:672_1920x0_80_0_0_be674729b68055063f5ffe07843e5888.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
полиция, мал
Түркістан полициясы 50-ден астам малды иесіне қайтарды
Оның ішінде 22 жылқы мен 33 бас ұсақ мал бар
АСТАНА, 12 наурыз – Sputnik. Түркістан облысының аумағында полицейлер "Мал ұрысы" жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізіп жатыр, деп хабарлайды
Polisia.kz.
Қазығұрт ауданында полиция қызметкерлері іс-шараның алғашқы тәулігінде мал ұрлығының бір дерегін анықтап, екі күдіктіні ұстады. Олардан ұрланған мал тәркіленді.
Сондай-ақ іздеу шаралары барысында мал иелеріне жалпы 55 бас төрт түлік қайтарылды. Оның ішінде 22 жылқы мен 33 бас ұсақ мал бар.
"Оған қоса полицейлер ветеринариялық инспекциялар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының өкілдерімен бірлесіп рейдтер жүргізді. Нәтижесінде иесіз мал жаюдың 48 фактісі анықталып, 579 бас үй жануары қораларға қамалды. Мал жаю қағидаларын бұзғаны үшін 75 адам жауапқа тартылды, ал 39 адамға қатысты мал мен ет өнімдерін заңсыз тасымалдағаны үшін әкімшілік хаттамалар жасалды", - деп жазылған хабарламада.
Одан бөлек, Түркістан облысы ПД криминалдық полиция қызметкерлері, ветеринарлық инспекциямен және әкімдікпен бірлесіп, Сайрам ауданы Қарабұлақ ауылында 6 мал сою орнын тексерді. Нәтижесінде ветеринария саласындағы құқық бұзушылықтар үшін 30-дан астам әкімшілік хаттама толтырылды.
Полицейлер мал ұрлығының алдын алу, құқық бұзушылықтарды анықтау және малды заңсыз тасымалдау, сондай-ақ базарлар мен ет өнімдерін сату пункттерінде тиісті құжаттардың бар-жоғын тексеру бойынша іс-шараларды жалғастырып жатыр.