https://sputnik.kz/20250219/politseyler-elikterdi-zansyz-atqan-kudiktilerdi-ustady-50993297.html
Полицейлер еліктерді заңсыз атқан күдіктілерді ұстады
Полицейлер еліктерді заңсыз атқан күдіктілерді ұстады
Sputnik Қазақстан
Алдын ала есептеу бойынша табиғатқа келтірілген шығын 7 миллион теңгеден асты 19.02.2025, Sputnik Қазақстан
2025-02-19T14:57+0500
2025-02-19T14:57+0500
2025-02-19T15:05+0500
заң
аңшылық
https://sputnik.kz/img/07e9/02/13/50993509_0:63:1200:738_1920x0_80_0_0_3455130e23cd573e678ad7c65e681769.jpg
АСТАНА, 19 ақпан – Sputnik. СҚО-да полицейлер 8 елікті заңсыз атқан күдіктілерді ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.СҚО полицейлері 1 ақпанда басталған "Браконьер" республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында заңсыз аң аулаудың екі фактісін анықтады. Тәртіп сақшылары қорықшылармен бірлесіп табиғатты қорғау заңнамасын сақтауға бағытталған рейдтер жүргізеді."Тайынша ауданында жедел ақпаратты тексеру барысында ауыл тұрғындарының бірінің үйінен заңсыз атылған бес Сібір елігі табылды. Бұл дерек бойынша 43 жастағы ер адам күдікке ілінді", - деп жазылған материалда.Полиция қызметкерлері ер адамнан қарда жүруге арналған техника мен қос ұңғылы ТОЗ-34 мылтығын тәркіледі. Алдын ала есептеу бойынша табиғатқа келтірілген шығын 7 миллион теңгеден асты.Ал Айыртау ауданында өткен бірлескен рейд барысында полицейлер мен қорықшылар мылтық асынған салт аттыны байқап қалды. Ат мінген ер адам қару оның 52 жастағы туысына тиесілі екенін айтты. Сақшылар бірнеше шақырым жүрген соң ауыл тұрғынын және атылған үш сібір елігін тапты.Күдіктінің аңшы емес екені анықталды. Тәркіленген ИЖ-17 дара ұңғылы мылтығы тіркелмеген болып шықты. Сондай-ақ атыс орнынан атылған жануарлар тәркіленді.Заңсыз аңшылық фактілері бойынша қылмыстық істер қозғалды, тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/02/13/50993509_67:0:1134:800_1920x0_80_0_0_42a2f4dd9b12c3cd15e42cf5b3db762d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
заң, аңшылық
Полицейлер еліктерді заңсыз атқан күдіктілерді ұстады
14:57 19.02.2025 (жаңартылды: 15:05 19.02.2025) Алдын ала есептеу бойынша табиғатқа келтірілген шығын 7 миллион теңгеден асты
АСТАНА, 19 ақпан – Sputnik. СҚО-да полицейлер 8 елікті заңсыз атқан күдіктілерді ұстады, деп хабарлайды
Polisia.kz.
СҚО полицейлері 1 ақпанда басталған "Браконьер" республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында заңсыз аң аулаудың екі фактісін анықтады. Тәртіп сақшылары қорықшылармен бірлесіп табиғатты қорғау заңнамасын сақтауға бағытталған рейдтер жүргізеді.
"Тайынша ауданында жедел ақпаратты тексеру барысында ауыл тұрғындарының бірінің үйінен заңсыз атылған бес Сібір елігі табылды. Бұл дерек бойынша 43 жастағы ер адам күдікке ілінді", - деп жазылған материалда.
Полиция қызметкерлері ер адамнан қарда жүруге арналған техника мен қос ұңғылы ТОЗ-34 мылтығын тәркіледі. Алдын ала есептеу бойынша табиғатқа келтірілген шығын 7 миллион теңгеден асты.
Ал Айыртау ауданында өткен бірлескен рейд барысында полицейлер мен қорықшылар мылтық асынған салт аттыны байқап қалды. Ат мінген ер адам қару оның 52 жастағы туысына тиесілі екенін айтты. Сақшылар бірнеше шақырым жүрген соң ауыл тұрғынын және атылған үш сібір елігін тапты.
Күдіктінің аңшы емес екені анықталды. Тәркіленген ИЖ-17 дара ұңғылы мылтығы тіркелмеген болып шықты. Сондай-ақ атыс орнынан атылған жануарлар тәркіленді.
Заңсыз аңшылық фактілері бойынша қылмыстық істер қозғалды, тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.