Қаңтар-ақпан айларында жалпы ішкі өнімі 5,4%- ға өсті

© Sputnik / Владислав ВодневМонеты, архивное фото
Монеты, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.03.2025
Жазылу
Тау-кен өнеркәсібінде өсім 4,1%-ды құрады
АСТАНА, 12 наурыз – Sputnik. Қаңтар-ақпан айларында Қазақстанның жалпы ішкі өнімі 5,4%- ға өсті. Бұл туралы экономиканы дамыту жөнінде кеңесте премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин айтты.
Ол тауар өндірісі мен қызмет көрсету секторында өсу серпіні жақсарғанын атап өтті.
"Өнеркәсіптік әлеуетті ашу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар өнеркәсіп өндірісінің көлемін 5,7%-ға арттыруға мүмкіндік берді. Өңдеу өнеркәсібі бойынша бұл көрсеткіш 8,9%-ды құрады", - деді Жұманғарин.
Негізгі салалар ішінде:
машина жасау (18,2%),
азық-түлік өндірісі (13,1%),
құрылыс материалдары өндірісі (21,6%),
металл бұйымдары өндірісі (20,1%),
химия өнеркәсібі (9%) жоғары көрсеткіштер көрсетті.
Тау-кен өнеркәсібінде өсім 4,1%-ды құрады.
Құрылыс саласында жоғары қарқын сақталған. Орындалған жұмыстар көлемі 408,1 млрд теңгеге, ал нақты көлем индексі 112,8%-ға жетті. Сауда саласындағы өсім 6%-ға, ал көлік және қоймалау қызметі 21,3%-ға артқан. Жалпы, астық, тұқым және мал азығы (өсім 5,8 есе), фармацевтикалық өнімдер (44,6%-ға), автокөліктер мен жеңіл көліктер (38,8%-ға) өткізетін көтерме сауда кәсіпорындары айтарлықтай жоғары үлес қосты. Астық тасымалы 43%-ға артып, 2,4 млн тоннаға жетті, ал ұн өнімдерін тасымалдау 12%-ға өсті.
Қосылған құны жоғары өнімдер, атап айтқанда, құрама жем экспорты 5 есеге өсіп, 273 мың тоннаны құрады (2024 жылы – 56 мың тонна), өсімдік майының экспорты 28%-ға артып, 94 мың тоннаға жетті.
Олжас Бектенов - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2025
Бектенов кәсіпкерлерге: "Салықты екі апта ішінде төлеуге шақырамын"
Жаңалықтар
0