https://sputnik.kz/20250312/koppaterli-uydi-basqaru-erezhesi-ozgeredi--zhana-talaptar-tanystyryldy-51544142.html
Көппәтерлі үйді басқару ережесі өзгереді – жаңа талаптар таныстырылды
Көппәтерлі үйді басқару ережесі өзгереді – жаңа талаптар таныстырылды
Sputnik Қазақстан
Көппәтерлі үйді басқару субъектілерінің үш түрі қолданылады 12.03.2025, Sputnik Қазақстан
2025-03-12T10:43+0500
2025-03-12T10:43+0500
2025-03-12T10:44+0500
көп қабатты үй
https://sputnik.kz/img/1416/90/14169015_0:130:3183:1920_1920x0_80_0_0_bcc34f9f5932a35437e5559e1913c44c.jpg
АСТАНА, 12 наурыз – Sputnik. Мәжіліс депутаттары көппәтерлі үйлерді басқару жүйесіне өзгеріс енгізуге арналған заң жобасын әзірледі, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Депутат Екатерина Смышляеваның айтуынша, саладағы реформаға қарамастан, пәтер иелері кооперативтері әлі де бар. Заңда олардың ашықтығына қатысты нақты талаптар айқындалған. Сондай-ақ тұрғындар үшін кондоминиумды басқару нысандары мен шарттарын таңдауға барынша еркін құқықтық орта құру қарастырылған. Ол үшін заң жобасында кондоминиумды басқарудың екі түрі енгізілген. Олар:"Ал қарапайым серіктестіктер жеке нысан ретінде алынып тасталады, бірақ іс жүзінде басқарудың екінші нысаны түрінде өз жұмысын жалғастыра алады", - деді Смышляева мәжілістің бүгінгі отырысында.Көппәтерлі үйді басқару субъектілерінің үш түрі қолданылады. Олар:Заңда қарастырылғар негізгі өзгерістер:Заңға сәйкес, кәсіби басқарушыларда біліктілік сертификаты болуы шарт. Сондай-ақ тұрғындарға есеп бермегені үшін және қажетті құжаттарды ұсынудан бас тартқаны үшін әкімшілік жауапкершілік күшейтіледі."Бұл өзгерістер көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының құқығын қорғауға бағытталған. Тек қана олардың ортақ шешімімен тиісті басқару нысаны қабылданады, басқарушы компания таңдалады және тариф бекітіледі",-деп атап өтті депутат Смышляева.
https://sputnik.kz/20241024/qazaqstan-men-shetelde-kommunaldyq-qyzmettin-quny-qansha-47934301.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1416/90/14169015_226:0:2957:2048_1920x0_80_0_0_d982a67c2eb0e0c0cc49704a2133cb71.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
көп қабатты үй
Көппәтерлі үйді басқару ережесі өзгереді – жаңа талаптар таныстырылды
10:43 12.03.2025 (жаңартылды: 10:44 12.03.2025) Көппәтерлі үйді басқару субъектілерінің үш түрі қолданылады
АСТАНА, 12 наурыз – Sputnik. Мәжіліс депутаттары көппәтерлі үйлерді басқару жүйесіне өзгеріс енгізуге арналған заң жобасын әзірледі, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Депутат Екатерина Смышляеваның айтуынша, саладағы реформаға қарамастан, пәтер иелері кооперативтері әлі де бар. Заңда олардың ашықтығына қатысты нақты талаптар айқындалған. Сондай-ақ тұрғындар үшін кондоминиумды басқару нысандары мен шарттарын таңдауға барынша еркін құқықтық орта құру қарастырылған. Ол үшін заң жобасында кондоминиумды басқарудың екі түрі енгізілген. Олар:
тікелей бірлескен басқару.
"Ал қарапайым серіктестіктер жеке нысан ретінде алынып тасталады, бірақ іс жүзінде басқарудың екінші нысаны түрінде өз жұмысын жалғастыра алады", - деді Смышляева мәжілістің бүгінгі отырысында.
Көппәтерлі үйді басқару субъектілерінің үш түрі қолданылады. Олар:
пәтер иелерінің кооперативі.
Заңда қарастырылғар негізгі өзгерістер:
меншік иелері бірлестігі төрағасының өкілеттік мерзімі бір жылдан үш жылға дейін ұлғаяды;
меншік иелерінің бірлестігіне үйді басқару жөніндегі қызметті өз еркімен жүргізуге құқық беріледі;
құрылыс салушының бірінші пәтерді сатқаннан кейін кондоминиумды тіркеу міндеттемесі енгізіледі;
тұрғын үй инспекциясының өкілеттіктері кеңейтіледі.
Заңға сәйкес, кәсіби басқарушыларда біліктілік сертификаты болуы шарт. Сондай-ақ тұрғындарға есеп бермегені үшін және қажетті құжаттарды ұсынудан бас тартқаны үшін әкімшілік жауапкершілік күшейтіледі.
"Бұл өзгерістер көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының құқығын қорғауға бағытталған. Тек қана олардың ортақ шешімімен тиісті басқару нысаны қабылданады, басқарушы компания таңдалады және тариф бекітіледі",-деп атап өтті депутат Смышляева.