https://sputnik.kz/20241024/qazaqstan-men-shetelde-kommunaldyq-qyzmettin-quny-qansha-47934301.html
Қазақстан мен шетелде коммуналдық қызметтің құны қанша?
Қазақстан мен шетелде коммуналдық қызметтің құны қанша?
Sputnik Қазақстан
Қазақстандағы коммуналдық қызмет ТМД елдерімен салыстырғанда бірнеше есе арзан 24.10.2024, Sputnik Қазақстан
2024-10-24T18:36+0500
2024-10-24T18:36+0500
2024-10-24T18:36+0500
коммуналдық қызмет
қазақстан
шетел
https://sputnik.kz/img/1282/38/12823826_0:0:2000:1125_1920x0_80_0_0_2687e8656f6e90a03ca24ed9378fdf5f.jpg
АЛМАТЫ, 24 қазан – Sputnik. Қазақстанда биыл коммуналдық төлемдердің қымбаттағанына қарамастан, басқа посткеңестік елдерімен салыстырғанда өте арзан, деп хабарлады Energyprom.kz.Numbeo сарапшыларының дерегі бойынша көлемі 85 шаршы метр пәтер үшін электрмен жабдықтау, жылыту, кондиционерлеу, сумен жабдықтау және қоқыс шығару қызметтерінің құнын қамтитын коммуналдық қызметтердің орташа айлық құны Қазақстанда 2024 жылы небәрі 57,1 доллар, шамамен 27 мың теңге болған.Салыстыру үшін: Ресейдегі осындай тұрғын үйге арналған коммуналдық қызметтердің айлық құны 90,5 доллар. Арменияда – 130,4 доллар, Молдовада – 218,5 доллар, Яғни, Қазақстандағы коммуналдық қызмет ТМД елдерімен салыстырғанда бірнеше есе арзан.Қазақстанда "таза" жалақыдан коммуналдық қызметтер құнының үлесі небәрі 9,7%. Бұл барлық ел арасындағы ең төменгі көрсеткіш, сонымен қатар көршілес Өзбекстанда да осындай көрсеткіш. Беларусь көшбасшылардың үштігіне кірді, онда коммуналдық қызметтердің құны орташа жалақының 10,6% құрады.Қазақстанның көрсеткіштері Венесуэла (9,7%), Боливия (9,7%), сондай-ақ Ұлыбритания (10,1%) және Германия (10,6%) сияқты дамыған елдердің көрсеткіштеріне жақын.Ұлттық статистика бюросының мәліметінше биылғы жылдың екінші тоқсанында коммуналдық қызметтерге, тұрғын үйді ұстауға және жөндеуге жұмсалған ақшалай шығыстар 46,9 мың теңге болған, яғни айына шамамен 15,6 мың теңге. Айта кетері бұл сомаға тікелей коммуналдық қызметтерден басқа, тұрғын үйді жөндеу және күтіп ұстау, яғни ось/ПИК/ТҚК және басқа да осындай басқарушы компаниялардың қызметі кіреді.Ішкі статистика да, сыртқы сарапшылар да Қазақстандағы коммуналдық қызметтер отбасылық бюджетке артық қысым көрсетпейтінін айтып отыр.
қазақстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1282/38/12823826_500:0:2000:1125_1920x0_80_0_0_176249d33546b28868e74d9943c9430a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
коммуналдық қызмет, қазақстан, шетел
коммуналдық қызмет, қазақстан, шетел
Қазақстан мен шетелде коммуналдық қызметтің құны қанша?
Қазақстандағы коммуналдық қызмет ТМД елдерімен салыстырғанда бірнеше есе арзан
АЛМАТЫ, 24 қазан – Sputnik. Қазақстанда биыл коммуналдық төлемдердің қымбаттағанына қарамастан, басқа посткеңестік елдерімен салыстырғанда өте арзан, деп хабарлады
Energyprom.kz. Numbeo сарапшыларының дерегі бойынша көлемі 85 шаршы метр пәтер үшін электрмен жабдықтау, жылыту, кондиционерлеу, сумен жабдықтау және қоқыс шығару қызметтерінің құнын қамтитын коммуналдық қызметтердің орташа айлық құны Қазақстанда 2024 жылы небәрі 57,1 доллар, шамамен 27 мың теңге болған.
Салыстыру үшін: Ресейдегі осындай тұрғын үйге арналған коммуналдық қызметтердің айлық құны 90,5 доллар. Арменияда – 130,4 доллар, Молдовада – 218,5 доллар, Яғни, Қазақстандағы коммуналдық қызмет ТМД елдерімен салыстырғанда бірнеше есе арзан.
Қазақстанда "таза" жалақыдан коммуналдық қызметтер құнының үлесі небәрі 9,7%. Бұл барлық ел арасындағы ең төменгі көрсеткіш, сонымен қатар көршілес Өзбекстанда да осындай көрсеткіш. Беларусь көшбасшылардың үштігіне кірді, онда коммуналдық қызметтердің құны орташа жалақының 10,6% құрады.
Қазақстанның көрсеткіштері Венесуэла (9,7%), Боливия (9,7%), сондай-ақ Ұлыбритания (10,1%) және Германия (10,6%) сияқты дамыған елдердің көрсеткіштеріне жақын.
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше биылғы жылдың екінші тоқсанында коммуналдық қызметтерге, тұрғын үйді ұстауға және жөндеуге жұмсалған ақшалай шығыстар 46,9 мың теңге болған, яғни айына шамамен 15,6 мың теңге. Айта кетері бұл сомаға тікелей коммуналдық қызметтерден басқа, тұрғын үйді жөндеу және күтіп ұстау, яғни ось/ПИК/ТҚК және басқа да осындай басқарушы компаниялардың қызметі кіреді.
Ішкі статистика да, сыртқы сарапшылар да Қазақстандағы коммуналдық қызметтер отбасылық бюджетке артық қысым көрсетпейтінін айтып отыр.