Құмар ойын ойнаған мемлекеттік қызметшілер жұмыстан шығарылды

© Sputnik / Виталий АньковМемлекеттік қызметші құмар ойын ойнағаны үшін қызметтен босатылды
Мемлекеттік қызметші құмар ойын ойнағаны үшін қызметтен босатылды - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.03.2025
Жазылу
Заңға енгізілген өзгертулерге сәйкес мемлекеттік қызметшілерге құмар ойындар ойнауға тыйым салынған
АСТАНА, 11 наурыз — Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысында бірқатар мемлекеттік қызметші жұмыстан қуылды. Олар құмар ойындарды ойнауға заңды түрде тыйым салынғанына қарамастан заңға қайшы әрекет еткен, деп хабарлайды өңір прокуратурасы.
Мәселен, Ақжар ауданы әкімдігінің құрылыс және сәулет бөлімінің бас маманы заң талаптарын бұзып, "1XBET" букмекерлік кеңсесінде жүйелі түрде "ставкалар" қойып тұрған.
Мұндай заңбұзушылықтар Ұялы ауылдық округі әкімі аппаратының және Ақжар ауданы білім бөлімінің бас мамандарына да қатысты анықталды.
Прокурорлық қадағалау актілері бойынша лауазымды тұлғалар жұмыстан босатылды.
Айта кетерлігі, өткен жылдың шілдесінде "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" заңына толықтырулар енгізілген болатын, заңға сәйкес мемлекеттік қызметшілерге құмар ойындар ойнауға тыйым салынды.
Деньги в руках, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.01.2025
Шығыс Қазақстанда 30 мың доллар пара алған мемлекеттік қызметші сотталды
Жаңалықтар
0