https://sputnik.kz/20250112/shygys-qazaqstanda-30-myn-dollar-para-algan-memlekettik-qyzmetshi-sottaldy-49911757.html
Шығыс Қазақстанда 30 мың доллар пара алған мемлекеттік қызметші сотталды
Шығыс Қазақстанда 30 мың доллар пара алған мемлекеттік қызметші сотталды
Sputnik Қазақстан
Ол параны алтын өндіретін кәсіпорынның директорынан алған 12.01.2025, Sputnik Қазақстан
2025-01-12T14:16+0500
2025-01-12T14:16+0500
2025-01-12T14:17+0500
пара
сот
https://sputnik.kz/img/1142/89/11428939_0:33:2000:1158_1920x0_80_0_0_fbb933c49e6621ac72352015f322acb1.jpg
АЛМАТЫ, 12 қаңтар - Sputnik. Шығыс Қазақстан облысы экология департаменті басшысының орынбасары сотталды, деп хабарлайды облыстық сот.Қылмыстық істі Өскемен қаласының №2 соты Қылмыстық Кодекстің 366-бабы 3-бөлігі 3-тармағы "Ірі көлемде пара алу" бойынша қарады."Сотталушы алтын өндіру фабрикасында экологиялық заңнама нормаларының сақталуын тексерген. Тексеру барысында құрылысты аяқтау мерзімдері бойынша жобалық шешімдерден бірқатар бұзушылықтар анықталған. Мұндай жағдайда кәсіпорын қызметі тоқтатылуы керек. Ал сотталушы керісінше әкімшілік жауапкершілікке тартпай, фабрика жұмысына оң шешім шығармақ болған. Ол үшін 2023 жылдың мамыр айында серіктестік директорынан 30 000 АҚШ доллары сомасында пара алды", - делінген хабарламада. Сотталушы кінәсін мойындамай, оны ақтауды сұрады."Сотталушы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырыла отырып, 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді", - дейді сот.Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1142/89/11428939_223:0:2000:1333_1920x0_80_0_0_4818ac83fe3220d4d57fbf7fe6b42728.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
пара, сот
Шығыс Қазақстанда 30 мың доллар пара алған мемлекеттік қызметші сотталды
14:16 12.01.2025 (жаңартылды: 14:17 12.01.2025) Ол параны алтын өндіретін кәсіпорынның директорынан алған
АЛМАТЫ, 12 қаңтар - Sputnik. Шығыс Қазақстан облысы экология департаменті басшысының орынбасары сотталды, деп хабарлайды облыстық сот.
Қылмыстық істі Өскемен қаласының №2 соты Қылмыстық Кодекстің 366-бабы 3-бөлігі 3-тармағы "Ірі көлемде пара алу" бойынша қарады.
"Сотталушы алтын өндіру фабрикасында экологиялық заңнама нормаларының сақталуын тексерген. Тексеру барысында құрылысты аяқтау мерзімдері бойынша жобалық шешімдерден бірқатар бұзушылықтар анықталған. Мұндай жағдайда кәсіпорын қызметі тоқтатылуы керек. Ал сотталушы керісінше әкімшілік жауапкершілікке тартпай, фабрика жұмысына оң шешім шығармақ болған. Ол үшін 2023 жылдың мамыр айында серіктестік директорынан 30 000 АҚШ доллары сомасында пара алды", - делінген хабарламада.
Сотталушы кінәсін мойындамай, оны ақтауды сұрады.
"Сотталушы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырыла отырып, 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді", - дейді сот.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.