Қазақстан аумағында болу мерзімін бұзған 200-ге жуық адам жауапқа тартылды

© Sputnik / Абзал КалиевҚазақстандағы ХҚКО
Қазақстандағы ХҚКО - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.03.2025
Жазылу
11 наурыздан бастап Солтүстік Қазақстан облысында "Заңсыз келуші — 2025" жедел алдын алу іс-шарасы өтуде
АСТАНА, 11 наурыз – Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысында полицейлер заңсыз шетелдік жұмыс күшін пайдаланған 5 жұмыс берушіні жауапкершілікке тартты, деп хабарлайды Polisia.kz.
Солтүстік Қазақстан облысында полиция базарлар мен құрылыс нысандарын, ауылшаруашылық кәсіпорындарын, жеке шаруашылықтарды, сондай-ақ шетелдіктер еңбек ететін және уақытша тұратын басқа да орындарды тексеруде.
11 наурыздан бастап облыста көші-қон заңнамасын бұзушылықтарды анықтауға бағытталған “Заңсыз келуші — 2025” жедел алдын алу іс-шарасы өтуде.
"Екі айдың ішінде облыс полицейлері 2 мыңнан астам құқық бұзушылықты анықтады. Ең жиі кездесетін заң бұзушылықтардың бірі – Қазақстан Республикасында болу мерзімін бұзу, бұл үшін 200-ге жуық адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар 77 облыс тұрғыны шетелдік қонақтарды қабылдағаны туралы уақытылы хабарламағаны үшін жауапқа тартылды. Сондай-ақ бес жұмыс беруші шетелдік азаматтарды заңсыз жұмысқа тартқаны үшін жауапкершілікке тартылды", - деп жазылған хабарламада.
Бүгінде облыста 6 мыңнан астам шетелдік азамат және шамамен 4,5 мың уақытша тұруға рұқсаты бар адам тіркелген.
Студенческий билет, иллюстративное фото  - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.11.2024
Жамбыл облысында мигранттар университеттер арқылы заңсыз тіркеуге тұрған
Жаңалықтар
0