Жамбыл облысында мигранттар университеттер арқылы заңсыз тіркеуге тұрған

© Photo : Maria_DomninaСтуденческий билет, иллюстративное фото
Студенческий билет, иллюстративное фото  - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.11.2024
Жазылу
Бұл қылмыс үшін ірі көлемде айыппұл салу немесе екі жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған
АСТАНА, 20 қараша – Sputnik. Жамбыл облысында заңсыз мигранттар оқу орындары арқылы бір жылға заңсыз тіркеуге қойылған, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан облыстық прокуратураның ресми сайтына сілтеме жасап.
Прокурорлар Өзбекстан мен Түрікменстаннан келген 25 шетелдікті анықтады.
"Мысалға, Өзбекстаннан келген 19 мигрантқа М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің студенті ретінде жалған құжаттар берілген, алайда шын мәнінде бұл оқу орнының студенті болмаған", - дейді прокурорлар.
Қазіргі кезде осы факт бойынша Қылмыстық кодекстің 385-бабы, 1-бөлігі (жалған құжаттарды дайындау) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұл қылмыс үшін ірі көлемде айыппұл салу немесе екі жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
"Басқа жағдайда 6 шетелдік азамат қаладағы университет пен колледждерге формальді түрде қабылданып, кейіннен ұзақ сабақтан қалғаны үшін оқудан шығарылды. Уәкілетті орган әкімшілік жауапкершілікке тартпаған 180 шетел азаматы анықталды", - делінген ресми хабарламада.
Прокурорлық қадағалау нәтижесінде лауазымды тұлғалар да тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Жаңалықтар
0