Мас күйде тәртіп бұзған жолаушы пойыздан түсірілді

Мас күйде тәртіп бұзған жолаушы пойыздан түсірілді
Мас күйде тәртіп бұзған жолаушы пойыздан түсірілді - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.03.2025
Жазылу
Ол полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбай, оларға қарсылық көрсеткен
АСТАНА, 11 наурыз - Sputnik. Мас күйде тәртіп бұзған жолаушы пойыздан түсірілді, деп хабарлайды Polisia.kz.
Шымкент станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері Қызылорда қаласының 27 жастағы тұрғынын қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін пойыздан түсіріп алды. Оқиға "Алматы – Ақтөбе" бағытындағы жолаушылар пойызында болған. Әйел адам мас күйде болып, балағат сөздер айтып, басқа жолаушылар мен жолсеріктердің ескертулеріне құлақ аспаған.
Сонымен қатар ол полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбай, оларға қарсылық көрсеткен. Құқық бұзушы полиция бөлмесіне жеткізіліп, алкогольдік ішімдіктер ішу немесе қоғамдық орындарда мас күйінде жүру, ұсақ бұзақылық жасау, сондай-ақ құқық қорғау органы қызметкерінің заңды талабына бағынбау бойынша жауапкершілікке тартылды.
Жыл басынан бері көліктегі полиция департаментінің қызметкерлері теміржол және әуе көліктерінде17957 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады.
Оның ішінде қоғамдық орындарға масаң күйінде келгені үшін 1273 дерек, ұсақ бұзақылық үшін 126 факті, полиция қызметкерінің заңды талабына бағынбағаны үшін 22 жайт және тағы басқа деректер анықталды.
Водитель автобуса - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.03.2025
Семейлік 100-ден астам автобус жүргізушісіне заңсыз айыппұл салынған
Жаңалықтар
0