https://sputnik.kz/20250311/keleshek-bagdarlamasy-zhogary-bilim-aqysyna-50-protsenttik-zhenildik-beriledi-51512675.html
"Келешек" бағдарламасы: жоғары білім ақысына 50 проценттік жеңілдік беріледі
"Келешек" бағдарламасы: жоғары білім ақысына 50 проценттік жеңілдік беріледі
Sputnik Қазақстан
"Келешек" бағдарламасына университеттер де қолдау білдіре бастады 11.03.2025, Sputnik Қазақстан
2025-03-11T12:36+0500
2025-03-11T12:36+0500
2025-03-11T14:10+0500
жоғары білім алу
https://sputnik.kz/img/07e6/01/0c/19130194_0:395:1024:971_1920x0_80_0_0_0ade05bf9a5d73245a67d304598b8e4a.jpg
АСТАНА, 11 наурыз – Sputnik. Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек "Келешек" бағдарламасы арқылы жоғары білім алу ақысына 50 проценттік жеңілдік алуға мүмкіндік бар екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Биыл жоғары білімге ақша жинауға көмектесетін жүйе іске қосылды. Министрдің айтуынша, ата-аналар тарапынан сұраныс жоғары болып тұр.Қазіргі кезде "Келешек" бағдарламасына университеттер де қолдау білдіре бастады. Соның ішінде Еуразия ұлттық университеті, Қазақ ұлттық университеті, Сәтбаев атындағы университет және тағы басқа жекеменшік жоғары білім беру ошақтары бар."Бүгінде ең үлкен жеңілдікті Сәтбаев атындағы университет беріп жатыр-ау деймін. Ол жақта "Келешек" бағдарламасымен оқуға келгендерге 50 процентке дейін жеңілдік беруге дайын", - деп атап өтті министр.Айта кетері, "Келешек" бағдарламасы аясында бес жасқа толған балалар үшін жоғары білімге ақша жинауға болады. Ерікті жинақтау жүйесінде бастапқы білім беру капиталы, жыл сайын төленетін мемлекеттік сыйлықақы және инвестициялық табыс қарастырылған.
https://sputnik.kz/20250110/biyldan-bastap-5-zhasqa-tolgan-balalarga-keleshek-zhinaqtau-zhuyesi-engiziledi-49888691.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/01/0c/19130194_0:299:1024:1067_1920x0_80_0_0_14463fe47ceafbde3fadd6cedd9306b1.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
келешек білім жоо вуз
"Келешек" бағдарламасы: жоғары білім ақысына 50 проценттік жеңілдік беріледі
12:36 11.03.2025 (жаңартылды: 14:10 11.03.2025) "Келешек" бағдарламасына университеттер де қолдау білдіре бастады
АСТАНА, 11 наурыз – Sputnik. Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек "Келешек" бағдарламасы арқылы жоғары білім алу ақысына 50 проценттік жеңілдік алуға мүмкіндік бар екенін мәлімдеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Биыл жоғары білімге ақша жинауға көмектесетін жүйе іске қосылды. Министрдің айтуынша, ата-аналар тарапынан сұраныс жоғары болып тұр.
"Бірнеше айдың ішінде "Келешек" бағдарламасымен 70 мыңнан астам есепшот ашылды. Бұл бастама өте белсенді басталды. Шынымды айтсам, бізге де оңай болмайтын сияқты. Себебі енді осы есепшоттарға салынатын алғашқы капиталды есептеу керек қой", - деді Нұрбек үкіметте өткен брифингте.
Қазіргі кезде "Келешек" бағдарламасына университеттер де қолдау білдіре бастады. Соның ішінде Еуразия ұлттық университеті, Қазақ ұлттық университеті, Сәтбаев атындағы университет және тағы басқа жекеменшік жоғары білім беру ошақтары бар.
"Бүгінде ең үлкен жеңілдікті Сәтбаев атындағы университет беріп жатыр-ау деймін. Ол жақта "Келешек" бағдарламасымен оқуға келгендерге 50 процентке дейін жеңілдік беруге дайын", - деп атап өтті министр.
Айта кетері, "Келешек" бағдарламасы аясында бес жасқа толған балалар үшін жоғары білімге
ақша жинауға болады. Ерікті жинақтау жүйесінде бастапқы білім беру капиталы, жыл сайын төленетін мемлекеттік сыйлықақы және инвестициялық табыс қарастырылған.