Биылдан бастап 5 жасқа толған балаларға "Келешек" жинақтау жүйесі енгізіледі

© Sputnik / Санат ИмангалиевВиды резиденции президента Казахстана - Акорды
Виды резиденции президента Казахстана - Акорды - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.01.2025
Жазылу
АЛМАТЫ, 10 қаңтар - Sputnik. Биылдан бастап және әр жыл сайын бес жастан асқан балаларды қамтитын "Келешек" бірыңғай ерікті жинақтау жүйесі енгізіледі, деп хабарлайды Ақорда.
Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі, ақпарат, қоғамдық даму, мәдениет және архив ісі салаларында артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңға қол қойды

"Бұл заңда мемлекеттен бастапқы білім беру капиталы, жыл сайын төленетін мемлекеттік сыйлықақы және инвестициялық табыс қарастырылған. Сондай-ақ бес жастан асқан балаларды қамтитын "Келешек" бірыңғай ерікті жинақтау жүйесі енгізіледі", - делінген хабарламада.

Біржолғы бастапқы білім беру капиталы 2025 жылы және одан кейінгі жылдары 5 жасқа толатын балаларға төленеді. Оны есептеу, пайдалану және қайтару ережелерін ғылым және жоғары білім министрлігі бекітеді.
""Келешек" жүйесі арқылы жыл сайын 5% мемлекеттік сыйлықақы беріледі. Ал әлеуметтік осал топтардың балалары үшін мемлекеттік сыйлықақы 7% болады. Нәтижесінде балаңыздың болашағы үшін қаражат жинауға мүмкіндік болады. Яғни қаржыны техникалық және кәсіптік білім алуға, орта мектеп бітіргеннен кейін жоғары білім алуға және жоғары оқу орнынан кейін білімін жетілдіруге, сондай-ақ тұрғын үй жағдайын жақсартуға жұмсауға болады", - дейді Ақорда.
Заңға енгізілген екінші түзету - креативті индустрияны қолдау.
"Әр облыс орталығында және ірі қалаларда креативті индустрия орталықтарын қалыптастырып, қатысушыларға өз өнімдерін коммерцияландыруға көмектеседі. Креативті индустрияны дамытуға "Креативті индустрияларды қолдау қоры" қызмет көрсетеді. Қор таланттарды іздеп, оларды насихаттаумен, креативті жобалар мен қызметтерді коммерцияландыру ісіне көмектесумен, сондай-ақ оларды әлем нарықтарында ілгерілетумен айналысады", - дейді президенттің баспасөз қызметі.
Мәдениет және ақпарат министрлігі креативті индустрияға мемлекеттік қолдау көрсету, ынталандыру қағидаларын әзірлеп, бекітетін болады. Ал облыстың, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың жергілікті атқарушы органдары креативті индустрия саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады.
Жаңалықтар
0