https://sputnik.kz/20250311/el-arna-telearnasy-zhabylady---ministr-51533903.html
"EL ARNA" телеарнасы жабылады - министр
"EL ARNA" телеарнасы жабылады - министр
Sputnik Қазақстан
Қайта ұйымдастыру процесі барысында барлық қызметкерлер "Хабар" агенттігіне жұмысқа орналастырылады 11.03.2025, Sputnik Қазақстан
2025-03-11T19:03+0500
2025-03-11T19:03+0500
2025-03-11T19:03+0500
телеарна
министрлік
https://sputnik.kz/img/07e8/0b/0d/48486303_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_bb4648b02d9c1ce83bbf44eeec56e7f1.jpg
АСТАНА, 11 наурыз - Sputnik. "EL ARNA" және "Хабар" телеарналарын біріктіру туралы стратегиялық шешім қабылданды, деп хабарлады мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева. Ведомство басшысының мәлімдемесін министрліктің баспасөз қызметі жариялады.Балаеваның айтуынша, "EL ARNA" телеарнасы отандық көркем және деректі фильмдер, сериалдар, сондай-ақ мәдени-ағартушылық бағдарламалар көрсетілетін платформа ретінде маңызды миссия атқарды. Бұл арнаның ұлттық кинематография мен телевизияның дамуына қосқан үлесі жоғары.Министр телеарна ұжымына көпжылдық еңбегі, кәсібилік пен отандық медиа кеңістікті дамытуға қосқан үлестері үшін алғыс білдірді.Еске салайық, "EL ARNA" телеарнасы 2000 жылдың 22 наурызында алғашқы ұлттық мемлекеттік тілдегі арна ретінде "Хабар-2" атауымен құрылды. 2002 жылдың наурызында атауы "EL ARNA" болып өзгертіліп, екі тілде хабар таратуға көшті.
https://sputnik.kz/20240809/ortalyq-aziyanyn-telearnasy-ashyluy-mumkin-46196119.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/0b/0d/48486303_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_af5bf198580935350413c8607ece863b.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
телеарна, министрлік
"EL ARNA" телеарнасы жабылады - министр
Қайта ұйымдастыру процесі барысында барлық қызметкерлер "Хабар" агенттігіне жұмысқа орналастырылады
АСТАНА, 11 наурыз - Sputnik. "EL ARNA" және "Хабар" телеарналарын біріктіру туралы стратегиялық шешім қабылданды, деп хабарлады мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева. Ведомство басшысының мәлімдемесін
министрліктің баспасөз қызметі жариялады.
"Бұл қадам, ең алдымен, отандық телекомпаниялардың жұмыс тиімділігін арттыруға және қазақстандық контент аудиториясын кеңейтуге бағытталған. "EL ARNA" және "Хабар" телеарналарын біріктіру 2025 жылдың 1 мамырына дейін аяқталады. "EL ARNA"-ның барлық құнды контенті "Хабар" арнасының эфиріне өтеді. Бұл үздік жобалардың сақталуына, оларды кең аудиторияға қолжетімді етуге және одан әрі дамытуға мүмкіндік береді", - деді министр.
Балаеваның айтуынша, "EL ARNA" телеарнасы отандық көркем және деректі фильмдер, сериалдар, сондай-ақ мәдени-ағартушылық бағдарламалар көрсетілетін платформа ретінде маңызды миссия атқарды. Бұл арнаның ұлттық кинематография мен телевизияның дамуына қосқан үлесі жоғары.
Министр телеарна ұжымына көпжылдық еңбегі, кәсібилік пен отандық медиа кеңістікті дамытуға қосқан үлестері үшін алғыс білдірді.
"Қайта ұйымдастыру процесі барысында барлық қызметкерлер "Хабар" агенттігіне жұмысқа орналастырылады. Жалақы деңгейі сақталып, олардың тәжірибесі мен білімі жаңа жобаларда сұранысқа ие болады", - деп сендірді Балаева.
Еске салайық, "EL ARNA" телеарнасы 2000 жылдың 22 наурызында алғашқы ұлттық мемлекеттік тілдегі арна ретінде "Хабар-2" атауымен құрылды. 2002 жылдың наурызында атауы "EL ARNA" болып өзгертіліп, екі тілде хабар таратуға көшті.