https://sputnik.kz/20240809/ortalyq-aziyanyn-telearnasy-ashyluy-mumkin-46196119.html
Орталық Азияның телеарнасы ашылуы мүмкін
Орталық Азияның телеарнасы ашылуы мүмкін
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 9 тамыз – Sputnik. Астанадағы Орталық Азия мемлекеттері басшыларының VІ Консультативтік кездесуінде ортақ телеарна немес интернет порталды ашу мәселесі... 09.08.2024, Sputnik Қазақстан
2024-08-09T13:20+0500
2024-08-09T13:20+0500
2024-08-09T13:20+0500
орталық азия
кездесу
телеарна
https://sputnik.kz/img/07e8/08/09/46193830_0:69:1280:789_1920x0_80_0_0_e36dad1923127a696357d1bb36e515d1.jpg
АСТАНА, 9 тамыз – Sputnik. Астанадағы Орталық Азия мемлекеттері басшыларының VІ Консультативтік кездесуінде ортақ телеарна немес интернет порталды ашу мәселесі талқыланды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Ақордаға сілтеме жасап.Ақордада өткен жиында Қасым-Жомарт Тоқаев ақпараттық-сараптамалық саладағы ықпалдастықты жандандыру қажет екенін ерекше атап өтті. Осы орайда Қазақстан басшысы бірлескен медиаөнімдерді шығару жұмыстарын қолға алу жөнінде үкіметтерге тапсырма беруді де ұсынды.Айта кетері, Орталық Азия елдері басшыларының саммиті ресми "Орталық Азия мемлекеттері басшыларының Консультативтік кездесуі" деп аталады. Осы шара жыл сайын ұйымдастырылады. Оған Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түрікменстан мен Қырғызстанның басышылары қатысып отырады. Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев саммит төрағалығын Өзбекстан президентіне тапсырды.
орталық азия
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/08/09/46193830_69:0:1212:857_1920x0_80_0_0_7d2d4550eb74065b903b6e8abf9c4ffc.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
орталық азия, кездесу, телеарна
орталық азия, кездесу, телеарна
Орталық Азияның телеарнасы ашылуы мүмкін
АСТАНА, 9 тамыз – Sputnik. Астанадағы Орталық Азия мемлекеттері басшыларының VІ Консультативтік кездесуінде ортақ телеарна немес интернет порталды ашу мәселесі талқыланды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан Ақордаға сілтеме жасап.
Ақордада өткен жиында Қасым-Жомарт Тоқаев ақпараттық-сараптамалық саладағы ықпалдастықты жандандыру қажет екенін ерекше атап өтті. Осы орайда Қазақстан басшысы бірлескен медиаөнімдерді шығару жұмыстарын қолға алу жөнінде үкіметтерге тапсырма беруді де ұсынды.
"Ортақ тарихи сюжеттерді экранизациялауға, халықтарымыздың достығы мен ынтымағын дәріптеуге ерекше мән беру керек. Біз жалпыөңірлік телеарна және ақпараттық интернет-порталын ашу мәселесін талқыладық. Бұл ретте Орталық Азия елдерінің телехабар тарату саласындағы ынтымақтастығы туралы келісімді әзірлеп, қол қоюдың маңызы зор", – деді Тоқаев.
Айта кетері, Орталық Азия елдері басшыларының саммиті ресми "Орталық Азия мемлекеттері басшыларының Консультативтік кездесуі" деп аталады. Осы шара жыл сайын ұйымдастырылады. Оған Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түрікменстан мен Қырғызстанның басышылары қатысып отырады. Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев саммит төрағалығын Өзбекстан президентіне тапсырды.