Әзербайжан министрі ұшақ апаты кезіндегі жедел көмек үшін Тоқаевқа алғыс айтты

© Photo : АкордаҚасым-Жомарт Тоқаев Астанаға ресми сапармен келген Әзербайжанның сыртқы істер министрі Джейхун Байрамовпен кездесу өткізді
Қасым-Жомарт Тоқаев Астанаға ресми сапармен келген Әзербайжанның сыртқы істер министрі Джейхун Байрамовпен кездесу өткізді - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.03.2025
Жазылу
Кездесуде ауқымды стратегиялық жобаларды жүзеге асыру, соның ішінде Каспий теңізінің табаны арқылы талшықты-оптикалық байланыс пен суасты электр желісін тарту мәселелері талқыланды
АСТАНА, 11 наурыз – Sputnik. Мемлекет басшысы Әзербайжанның сыртқы істер министрін қабылдады, деп хабарлады Ақорда.
Қасым-Жомарт Тоқаев Астанаға ресми сапармен келген Әзербайжанның сыртқы істер министрі Джейхун Байрамовпен кездесті. Президент мейманға ілтипат білдіре отырып, сан қырлы мемлекетаралық байланысты одан әрі нығайту тұрғысынан бұл кездесудің маңызы туралы айтты.
"Сіздің сапарыңыздың бауырлас Әзербайжан елімен ынтымақтастығымызды одан әрі ілгерілету тұрғысынан мәні зор. Біз үшін Әзербайжанмен қарым-қатынас ерекше маңызға ие. Біз Сіздің еліңізді сенімді стратегиялық серіктес және одақтас ретінде қарастырамыз", – деді президент.
Өз кезегінде Әзербайжанның сыртқы істер министрі дәстүрлі түрде қонақжайлық танытқаны үшін ризашылығын білдіріп, екіжақты қарым-қатынастың қарқынды дамып келе жатқанына тоқталды.
Джейхун Байрамов орайлы сәтті пайдалана отырып, әзербайжандық әуе желісіне тиесілі ұшақтың Ақтаудағы апаты кезінде жедел көмек көрсеткені үшін Қазақстан тарапына Президент Ильхам Әлиев пен Әзербайжан халқының атынан алғыс айтты.
Кездесуде ауқымды стратегиялық жобаларды жүзеге асыру, соның ішінде Каспий теңізінің табаны арқылы талшықты-оптикалық байланыс пен суасты электр желісін тарту мәселелері талқыланды.
Сонымен қатар сауда, инвестиция, цифрландыру, көлік-транзит салаларындағы өзара ықпалдастықты одан әрі жандандыру перспективасы қарастырылды.
Сеул. Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.03.2025
Оңтүстік Корея тұрғындары қазақ халқына алғыс айтты
Жаңалықтар
0