Оңтүстік Корея тұрғындары қазақ халқына алғыс айтты

© РИА НовостиСеул. Архивтегі фото
Сеул. Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.03.2025
Жазылу
АСТАНА, 2 наурыз — Sputnik. Қазақстаннан өздерінің тарихи Отаны – Кореяға оралған корейлер қазақ батырларының рухына тағзым етті, деп хабарлады 24.kz.
Бұл елде 1 наурыз – мемлекеттік мереке, Тәуелсіздік қозалысы күні. Корей халқының кейбір ұлттық батырлары 1937 жылы қазақ жеріне қоныс аударылып, қазақ халқының қолдауы арқасында аман қалған. Олардың қатарында Қызылордада өмір сүрген және сүйегі Оңтүстік Корея жерінде қайта жерленген генерал Хон Бом До мен ғалым Ге Бон У да бар.
"Koryoin Global Network" қоғамдық ұйымының мүшелері қазақ батырларының рухына тағзым етті.
"Қазақстандықтарға жасаған барлық жақсылығы үшін, қазақ жеріне қамқорлығы үшін зор алғысымызды білдіреміз. Өйткені қазір Қазақстаннан тыс жерде тұратын корейлер мақтанышпен және сенімді түрде "біз – қазақстандықпыз" деп айта алады", - дейді ұйым президенті Евгения Цхай.
Жаңалықтар
0