Алматыда әйел баласымен бірге 18-ші қабаттан құлап кетті

Алматыда әйел баласымен бірге 18-ші қабаттан құлап кетті
Алматыда әйел баласымен бірге 18-ші қабаттан құлап кетті - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.03.2025
Жазылу
Әйел оқиға орнында қайтыс болып, 4 жастағы бала аман қалған
АСТАНА, 11 наурыз - Sputnik. Алматыда көпқабатты үйдің 18-ші қабатынан әйел баласымен бірге құлап кеткен, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Оқиға 11 наурыз таңғы сағат 06:30 шамасында "Комфорт сити" тұрғын үй кешенінде болған.

"Таңертең жұмысқа келсем полиция мен адамдар қаптап жүр екен. Қарасам, жерде адам жатыр, қара палаткамен бетін жауып қойған. Естуімше, 40 жасқа таяған әйел. Ол әйел субару көлігімен жүреді, көлігінің бәрін мөрлеп тастапты", - дейді көпқабатты үйде орналасқан дәмхана қызметкері.

Сатушы марқұм әйелдің мәйіті жатқан жерді де көрсетті. Ол үйдің алды емес, жанынан көшеге құлаған. Демек, подъездің балконы емес, пәтерінің не терезе, не балконнан секіріп кеткен, дейді сатушы.
"Ол әйел пәтер жалдап тұруы мүмкін. Бұл тұрғын үй кешенінде басым бөлігі баспана жалдап тұратындар", - дейді осы үйдегі дәріхана сатушысы.
Әйел оқиға орнында қайтыс болып, 4 жастағы бала аман қалған. Бірақ жағдайы өте ауыр, дейді дәрігерлер.
Алматыда әйел баласымен бірге 18-ші қабаттан құлап кетті
Алматыда әйел баласымен бірге 18-ші қабаттан құлап кетті - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.03.2025
Алматыда әйел баласымен бірге 18-ші қабаттан құлап кетті

"2021 жылы туған бала жедел медициналық жәрдем бригадасымен биіктіктен құлау салдарынан алған көптеген жарақатпен Балалар шұғыл медициналық көмек көрсету орталығына жеткізілді. Жағдайы өмірге қауіп төндіретіндей аса ауыр. Толық көлемде ем қабылдап жатыр", - дейді Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасындағылар.

Ал полиция осы жағдайға байланысты қылмыстық іс қозғаған.

"Бұл дерек бойынша Бостандық аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталуда", - дейді Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Больница, реанимация  - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.06.2024
Батыс Қазақстанда өзін-өзі атып алған полицей ауруханада қайтыс болды
Жаңалықтар
0