Батыс Қазақстанда өзін-өзі атып алған полицей ауруханада қайтыс болды

© AFP 2024 / NIKOLAY DOYCHINOVМедик в защитном костюме у постели пациента с коронавирусом в палате реанимации
Медик в защитном костюме у постели пациента с коронавирусом в палате реанимации  - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.06.2024
Жазылу
АЛМАТЫ, 27 маусым – Sputnik. Батыс Қазақстан облысында өзін қарумен жаралап алған полицей қайтыс болды, деп хабарлайды облыстық денсаулық сақтау басқармасы.
Ол ауруханаға жеткізілгенде жағдайы ауыр болған. Оған дереу ота жасалған.
"2003 жылы туған ер адамды облыстық көпсалалы ауруханаға жеткізді. Науқасқа шұғыл операция жасалды. 26 маусымнан 27 маусымға қараған түні сағат 00.00-де есін жимастан қайтыс болды", - деп мәлімдеді ведомстводағылар.
Оқиға 24 маусымда болған. Пугачев көшесі, 45 мекенжайдағы полиция департаментінің бақылау пункті ғимаратында полиция маманы өзін атып алған. Жедел жәрдемге таңғы сағат 07.41-де шақырту түскен.
Скорая помощь - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.03.2024
Есілде көліктен екі адамның мәйіті табылды – біреуі полицей болып шықты
Жаңалықтар
0