Маңғыстау мен Солтүстік Қазақстанда қара металл контрабандасының жолы кесілді

жүк вагондары - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.03.2025
Жазылу
АСТАНА, 10 наурыз — Sputnik. Қара металды экспорттауға тыйым салынғанына қарамастан заңға қайшы әрекет еткен компаниялар анықталды. Олар дайын өнім әрі шикізат желеуімен темір жол және теңіз арқылы металл сынықтарын заңсыз жөнелтіп келген, деп хабарлайды Polisia.kz.
Солтүстік Қазақстанда жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің бірінің басшысы "жоғары легирленген болат" деген желеумен қара металды пойызбен көрші мемлекетке жөнелтуді ұйымдастырған. Компания жалпы сомасы 170 миллион теңгеден астам 1500 тонна сынықтарды республикадан тыс экспортқа шығарыпты.

"Металл қоймасының аумағын тінту кезінде жалпы салмағы 1000 тонна болатын қара металл сынықтары, оның ішінде шетелге жөнелтуге дайындалған жеті вагон табылды", - деп хабарлады ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.

Маңғыстау облысында да компаниялардың бірі дәл осындай схемамен әрекет еткен. Олар қара металды Каспий маңы елдеріне теңіз арқылы жөнелткен. Өткен жылдың өзінде компания республикадан тысқары жерлерге 400 тоннадан астам металл экспорттады. Серіктестік аумағынан салмағы 420 тоннадан асатын қара металл сынықтары, оның ішінде көрші мемлекетке жөнелтуге дайындалған екі контейнер табылған.
"Ішкі істер министрлігі Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Қаржы мониторингі агенттігі және Бас прокуратурамен бірлесіп, қара және түсті металдар контрабандасының алдын алу бойынша кешенді шараларды жалғастырады", - деді Қуандық Алпыс.
Теңіз жүк жөнелтілімдері - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2025
Қырғызстанға бензиннің заңсыз экспортын ұйымдастырғандар анықталды
Жаңалықтар
0