https://sputnik.kz/20250309/zhylap-zhiberdi-aqtaudan-almatyga-ushqan-ushaq-auezhayga-shugyl-qondy-51462485.html
"Жылап жіберді": Ақтаудан Алматыға ұшқан ұшақ әуежайға шұғыл қонды
"Жылап жіберді": Ақтаудан Алматыға ұшқан ұшақ әуежайға шұғыл қонды
Sputnik Қазақстан
Жолаушылар сапарын компанияның резервтік ұшағымен жалғастырды 09.03.2025, Sputnik Қазақстан
2025-03-09T14:01+0500
2025-03-09T14:01+0500
2025-03-09T14:01+0500
ұшақ
https://sputnik.kz/img/07e9/03/09/51460993_0:501:1080:1109_1920x0_80_0_0_4576be8b290974abc1f848778900575b.jpg
АСТАНА, 9 наурыз – Sputnik. Ақтаудан Алматыға ұшқан ұшақтың қозғалтқышы істен шықты. Бұл туралы Air Astana компаниясының жолаушылары әлеуметтік желіде хабарлады.Жолаушыларға ұшақтың Ақтауға оралатыны туралы хабарланған."Ұшақ күрт төмендеп, дірілдей бастады. 700 метр... жылдамдық пен биіктік төмендеді, ал әуежай әлі көрінбеді. Адамдар дұға жасап, шулап кетті. Ұшақ жерге қонғанда салонда жылағандар болды", - деді ер адам.Бүгін Air Astana әуе компаниясы борттағы ТЖ туралы түсініктеме берді."8 наурызда Ақтаудан Алматыға ұшқан KC 868 рейсі әуежайға қайта оралды. Экипаж стандартты процедураларға сәйкес қозғалтқышты өшіру арқылы № 1 қозғалтқыштағы майдың төмен деңгейі туралы техникалық ескертуге сай әрекет етті. Ұшақ Ақтауға аман-есен қонды", - деп хабарлады компания.Жолаушыларды компаниялар тобының резервтік ұшағымен алып кетті, деп атап өтті Air Astana.
https://sputnik.kz/20250219/aqtaudagy-ushaq-apatynan-keyin-qazaqstannyn-alty-auezhayy-tekserildi-50989388.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/03/09/51460993_0:433:1080:1243_1920x0_80_0_0_f4a87a41b994e7c9c1a04272dc1e0165.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ұшақ
"Жылап жіберді": Ақтаудан Алматыға ұшқан ұшақ әуежайға шұғыл қонды
Жолаушылар сапарын компанияның резервтік ұшағымен жалғастырды
АСТАНА, 9 наурыз – Sputnik. Ақтаудан Алматыға ұшқан ұшақтың қозғалтқышы істен шықты. Бұл туралы Air Astana компаниясының жолаушылары әлеуметтік желіде хабарлады.
"Алматыға ұштық. Кәдімгі рейс, 20 минуттан кейін бір қозғалтқыш істен шықты. Салонда электр қуаты сөне бастады, қорқынышты шу естіліп, жанған иіс пайда болды. Стюардессалар қатты қобалжып, ерсілі-қарсылы жүре бастады. Бірақ жолаушылар не болып жатқанын түсінбей, бір-біріне қараумен отырды", - деп жазды жолаушылардың бірі.
Жолаушыларға ұшақтың Ақтауға оралатыны туралы хабарланған.
"Ұшақ күрт төмендеп, дірілдей бастады. 700 метр... жылдамдық пен биіктік төмендеді, ал әуежай әлі көрінбеді. Адамдар дұға жасап, шулап кетті. Ұшақ жерге қонғанда салонда жылағандар болды", - деді ер адам.
Бүгін Air Astana әуе компаниясы борттағы ТЖ туралы түсініктеме берді.
"8 наурызда Ақтаудан Алматыға ұшқан KC 868 рейсі әуежайға қайта оралды. Экипаж стандартты процедураларға сәйкес қозғалтқышты өшіру арқылы № 1 қозғалтқыштағы майдың төмен деңгейі туралы техникалық ескертуге сай әрекет етті. Ұшақ Ақтауға аман-есен қонды", - деп хабарлады компания.
Жолаушыларды компаниялар тобының резервтік ұшағымен алып кетті, деп атап өтті Air Astana.