Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Венгрия министрі Еуроодақ саммитінің Украинаға қатысты қорытынды мәлімдемесін сынады

© Sputnik / Ильяс ОмаровПетер Сийярто
Петер Сийярто  - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.03.2025
Жазылу
Украинадағы жағдай бойынша одақтың кезектен тыс саммитінің қорытынды құжатын жалғыз Венгрия қолдамады
АСТАНА, 9 наурыз – Sputnik. 27 елдің 26-сы қолдаған ЕО-ның кезектен тыс саммитінің қорытынды мәлімдемесінің заңды күші жоқ, өйткені сыртқы саясат мәселелері бойынша барлық шешім бірауыздан қабылдануы керек, деп мәлімдеді Венгрия сыртқы істер және сыртқы экономикалық байланыс министрі Петер Сийярто. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.
Бейсенбі күні Украинадағы жағдай бойынша одақтың кезектен тыс саммитінің қорытынды құжатын жалғыз Венгрия қолдамады.
"Сыртқы және қауіпсіздік саясатында Еуроодақ шешімі онымен барлық 27 мүше мемлекет келіскенде ғана қабылданады. Біз қысымға берілмегендіктен, соғысты жалғастырғысы келетін тараптың жағына шықпадық, сондықтан соғысты жалғастыру туралы шешім қабылдау мүмкін болмады. 26 адамның саяси мәлімдеме жасағанының заңды күші жоқ. Бұл саяси пікір", - деді Сийярто Коссут радиосының эфирінде.
Оның айтуынша, Еуропа соңғы үш жылда "өзін тым тереңге батырып жіберді" және енді Украина армиясы мен Украина мемлекетін сақтау, қауымдастықтың бәсекеге қабілеттілігін қалпына келтіру, Украинаның ЕО-ға кіруін жеделдету сияқты орасан зор қаржылық шығындарды талап ететін мақсаттарға қол жеткізе алмайтыны сөзсіз.
"Егер төрт мақсатты қоссаңыз, қажетті соманы дәрежемен есептеу керек. Мұны Еуроодақ тіпті ең жақсы жағдайда болған күнде де қаржылық тұрғыдан қол жеткізе алмас еді. Қазіргі мүшкіл экономикалық жағдайын есепке алсақ, бұл мақсаттардың жүзеге асуы тіпті мүмкін емес", - деді министр.
Орбан бұған дейін Еуропалық Одақ Украинаға қолдау көрсету жоспарларын бірнеше апта ішінде қайта қарайтынын айтқан болатын.
Выступление президента США Дональда Трампа на заседании конгресса - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.03.2025
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Трамп Украинадағы бейбіт келісімге қатысты мәлімдеме жасады
Жаңалықтар
0