Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Трамп Украинадағы бейбіт келісімге қатысты мәлімдеме жасады

© Sputnik / Стрингер / Медиабанкке өтуВыступление президента США Дональда Трампа на заседании конгресса
Выступление президента США Дональда Трампа на заседании конгресса - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.03.2025
Жазылу
АСТАНА, 7 наурыз – Sputnik. АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей мен Украина қақтығысты шешу үшін келісімге келгісі келетінін, өйткені олардың "басқа таңдауы жоқ" екенін мәлімдеді, деп жазды РИА Новости.
"Украина мәміле жасағысы келеді, өйткені олардың таңдау мүмкіндігі жоқ деп ойлаймын. Ресей де келісім жасағысы келеді, өйткені... оларда да таңдау жоқ", - деді ол Ақ үйде журналистерге.
Ресей президенті Владимир Путин қаңтарда Ресей Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты мүшелерімен кездесуі кезінде Украинадағы қақтығысты реттеудің мақсаты ұзақ мерзімді бейбітшілік болуы керек деп мәлімдеді. Оның айтуынша, Ресей билігі Ресей халқының мүддесі үшін күресті жалғастырады. Путин Украинадағы бейбітшілік "осы аймақта тұратын барлық адамның, барлық ұлттың заңды мүдделерін құрметтеуге" негізделуі керек деп атап өтті.
Дональд Трамп - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.03.2025
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Трамп Украинадағы қақтығысты тоқтатуға тынымсыз күш салып жатқанын айтты
Жаңалықтар
0