Түркістан облысында бір жылда мыңға жуық әкімшілік құқық бұзылды

© PhotoҚұрылыс нысаны
Құрылыс нысаны - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.03.2025
Жазылу
Айыппұлдардың жалпы сомасы 290 миллион теңге
АСТАНА, 9 наурыз - Sputnik. Түркістан облысында 416 жоспардан тыс тексеру жүргізіліп, ауқымды бұзушылықтар анықталды деп хабарлайды Otyrar.kz.
Олардың қорытындысы бойынша 950 әкімшілік хаттама жасалды. Ал айыппұлдардың жалпы сомасы 290 миллион теңге, оның 262,7 миллионы өндіріліп алынды.
Бұл деректер облыс әкімі Нұралхан Көшеровтың төрағалығымен өткен кеңесте айтылды.
Құрылыс бақылау басқармасының мәліметінше, былтыр өңірде 3 020-дан астам нысанның құрылысы басталған. Алайда тексерулер заңсыз құрылыс фактілерін анықтады. Нәтижесінде бюджеттен қаржыландырылатын объектілерге 173,4 миллион теңге, ал жеке инвесторларға 116,6 миллион теңге айыппұл салынды.
"36 мердігер ұйымға айыппұл салынды. Олардың 13-і бірінші санатқа, 8-і екінші санатқа, 15-і үшінші санатқа жатады. Заңға сәйкес, бір жыл ішінде нормаларды қайта бұзған компаниялар лицензияларынан айырылуы мүмкін", - дейді Түркістан облысының құрылысты бақылау басқармасының басшысы Айдос Исмаилов.
Жолдар мен инженерлік желілерді салу кезінде елеулі заң бұзушылықтар анықталды. 23 жол объектісіне, 27 газбен жабдықтау объектісіне, 9 су құбыры және 8 электр желісі объектісіне айыппұл салынды. Мердігерлерге қатысты әкімшілік шаралар қабылданды. Өңірде құрылыс сапасын бақылау жалғасуда.
Водитель автобуса - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.03.2025
Семейлік 100-ден астам автобус жүргізушісіне заңсыз айыппұл салынған
Жаңалықтар
0