https://sputnik.kz/20250308/zhas-galymdarga-baspana-sertifikattary-berildi-51451881.html
Жас ғалымдарға баспана сертификаттары берілді
Жас ғалымдарға баспана сертификаттары берілді
Sputnik Қазақстан
Бүгінде елімізде ғылыммен айналысып жүрген ғалым-әйелдер саны 11 982 адамға жеткен 08.03.2025, Sputnik Қазақстан
2025-03-08T14:31+0500
2025-03-08T14:31+0500
2025-03-08T14:31+0500
ғалымдар
https://sputnik.kz/img/07e9/03/08/51451716_0:0:1280:721_1920x0_80_0_0_0644d4e4c965ca8a0c88098cac9c435e.jpg
АЛМАТЫ, 8 наурыз - Sputnik. Халықаралық әйелдер күні мерекесінде жас ғалымдарға тұрғын үй сертификаттары табысталды, деп хабарлайды ғылым және жоғары білім министрлігі.Ғылым және жоғары білім министрлігінде Халықаралық әйелдер күні қарсаңында мерекелік шара өтті.Салтанатты шара барысында жас ғалымдарға қолдау көрсету, олардың әлеуметтік мәртебесін арттыру және ғылымға жас кадрлардың келуін ынталандыру мақсатында ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек 10 жас ғалымға пәтер сертификатын табыстады.Министр өз сөзінде барша нәзік жанды қауымын Халықаралық әйелдер күнімен құттықтап, мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жас ғалымдарды қолдау шараларының күшейтілгенін атап өтті.Министрлік бұл жұмысты кезең-кезеңімен жүргізіп, жас ғалымдардың санының артуы ғылымның дамуына, ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруға, сондай-ақ жаңа экономикалық кластерлердің құрылуына оң әсер етеді.Айта кетейік, бұған дейін мемлекет басшысының тапсырмасымен 51 жас ғалым тұрғын үй сертификаттарын алған болатын. Сонымен қатар 2023 жылғы 19 қазанда ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі мен "Отбасы банк" АҚ арасында жас ғалымдарға 2023-2027 жылдарға арналған жеңілдетілген кредит беру бағдарламасы бойынша ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Қазіргі уақытта аталған бағдарлама бойынша 290 жас ғалым жеңілдікпен баспана алды.Сонымен қатар мерекелік шара аясында ғылым саласына еңбегі сіңген қызметкерлерге отандық білім мен ғылымға қосқан үлесі үшін "Құрмет" және "Парасат" ордендерімен, Ғылым және жоғары білім министрлігінің "Ахмет Байтұрсынұлы", "Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін" төсбелгісімен марапатталды.
https://sputnik.kz/20240531/qur-soz-emes-toqaev-galymdarga-qanday-zhagday-zhasalatynyn-aytty-44695377.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/03/08/51451716_135:0:1147:759_1920x0_80_0_0_c5459dd001b953cbec1cd00befd3dd42.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ғалымдар
Жас ғалымдарға баспана сертификаттары берілді
Бүгінде елімізде ғылыммен айналысып жүрген ғалым-әйелдер саны 11 982 адамға жеткен
АЛМАТЫ, 8 наурыз - Sputnik. Халықаралық әйелдер күні мерекесінде жас ғалымдарға тұрғын үй сертификаттары табысталды, деп хабарлайды ғылым және жоғары білім министрлігі.
Ғылым және жоғары білім министрлігінде Халықаралық әйелдер күні қарсаңында мерекелік шара өтті.
Салтанатты шара барысында жас ғалымдарға қолдау көрсету, олардың әлеуметтік мәртебесін арттыру және ғылымға жас кадрлардың келуін ынталандыру мақсатында ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек 10 жас ғалымға пәтер сертификатын табыстады.
Министр өз сөзінде барша нәзік жанды қауымын Халықаралық әйелдер күнімен құттықтап, мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жас ғалымдарды қолдау шараларының күшейтілгенін атап өтті.
"Бүгінде елімізде ғылыммен айналысып жүрген ғалым-әйелдер саны 11 982 адамға жетіп, 55,6 пайызды құрайды. Бұл Қазақстанды ғылымдағы әйелдер үлесі бойынша әлемдік деңгейде көшбасшы мемлекеттердің қатарына қосады. Осы орайда Қазақстан әйелдер саны ерлер санынан асатын және ғылымдағы арулар саны бойынша әлемдік рейтингте көшбасшы елдердің үштігіне кіретін санаулы елдердің бірі екенін айта кету қажет", – деді ведомство басшысы.
Министрлік бұл жұмысты кезең-кезеңімен жүргізіп, жас ғалымдардың санының артуы ғылымның дамуына, ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруға, сондай-ақ жаңа экономикалық кластерлердің құрылуына оң әсер етеді.
Айта кетейік, бұған дейін мемлекет басшысының тапсырмасымен 51 жас ғалым тұрғын үй сертификаттарын алған болатын. Сонымен қатар 2023 жылғы 19 қазанда ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі мен "Отбасы банк" АҚ арасында жас ғалымдарға 2023-2027 жылдарға арналған жеңілдетілген кредит беру бағдарламасы бойынша ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Қазіргі уақытта аталған бағдарлама бойынша 290 жас ғалым жеңілдікпен баспана алды.
Сонымен қатар мерекелік шара аясында ғылым саласына еңбегі сіңген қызметкерлерге отандық білім мен ғылымға қосқан үлесі үшін "Құрмет" және "Парасат" ордендерімен, Ғылым және жоғары білім министрлігінің "Ахмет Байтұрсынұлы", "Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін" төсбелгісімен марапатталды.