https://sputnik.kz/20240531/qur-soz-emes-toqaev-galymdarga-qanday-zhagday-zhasalatynyn-aytty-44695377.html
"Құр сөз емес": Тоқаев ғалымдарға қандай жағдай жасалатынын айтты
"Құр сөз емес": Тоқаев ғалымдарға қандай жағдай жасалатынын айтты
Sputnik Қазақстан
Алдағы екі жылда жас ғалымдардың зерттеуіне бөлінетін грант саны тағы да көбейеді 31.05.2024, Sputnik Қазақстан
2024-05-31T18:05+0500
2024-05-31T18:05+0500
2024-05-31T18:05+0500
қасым-жомарт тоқаев
ғалымдар
https://sputnik.kz/img/07e8/05/1f/44693699_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_2cdd19897e82d5f247b8eb8365a880e8.jpg
АСТАНА, 31 мамыр – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыда ғалымдармен кездесті. Кездесу барысында мамандарымыз әлемдік бәсекеге төтеп бере алатындай білімді, білікті болуы керек екенін айтты. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, шикізатқа арқа сүйеп отырған ел алысқа бармайды. Бізге ғалымдар, инженерлер, өнертапқыштар қажет. Мамандарымыз әлемдік бәсекеге төтеп бере алатындай білімді, білікті болуы керек. Бүгінде алпауыт елдердің арасында барлық салада бақталастық өршіп тұр. Біз осы күрделі кезеңде экономиканың жаңа үлгісіне көше бастадық. Әділ, инклюзивті әрі бәсекеге қабілетті экономика құруға кірістік. Ғылым мен инновация оның басты тірегі болуға тиіс.Сонымен қатар мемлекет басшысы ғалымдарға қандай жағдай жасалатынына тоқталды. "Біз ғалымдарға жағдай жасау керек деп жиі айтамыз. Бұл – құр сөз емес. Мемлекет тарапынан нақты жұмыс жасалып жатыр. Алдағы екі жылда жас ғалымдардың зерттеуіне бөлінетін грант саны тағы да көбейеді. Бюджеттен 18 миллиард теңге бөлінеді. Былтыр 284 жас ғалым баспана алды. Биыл менің тапсырмаммен оларға тағы 200 пәтер берілетін болды. Осындай нақты шаралар арқылы еліміздегі ғылымды және жалпы ғалымдар қауымын қолдау жұмысы алдағы уақытта да жалғасын табады", - деді президент.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/05/1f/44693699_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_b9ba92db4fc269853a57527a8f09bd97.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев, ғалымдар
қасым-жомарт тоқаев, ғалымдар
"Құр сөз емес": Тоқаев ғалымдарға қандай жағдай жасалатынын айтты
Алдағы екі жылда жас ғалымдардың зерттеуіне бөлінетін грант саны тағы да көбейеді
АСТАНА, 31 мамыр – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыда ғалымдармен кездесті. Кездесу барысында мамандарымыз әлемдік бәсекеге төтеп бере алатындай білімді, білікті болуы керек екенін айтты. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, шикізатқа арқа сүйеп отырған ел алысқа бармайды. Бізге ғалымдар, инженерлер, өнертапқыштар қажет. Мамандарымыз әлемдік бәсекеге төтеп бере алатындай білімді, білікті болуы керек. Бүгінде алпауыт елдердің арасында барлық салада бақталастық өршіп тұр. Біз осы күрделі кезеңде экономиканың жаңа үлгісіне көше бастадық. Әділ, инклюзивті әрі бәсекеге қабілетті экономика құруға кірістік. Ғылым мен инновация оның басты тірегі болуға тиіс.
"Біз көшке ілесетін емес, көшті бастайтын елдердің қатарында болуымыз керек. Бір сөзбен, ғылыми әлеуетімізді арттыру қажет. Жалпы, осы бағытта біраз шаруа атқарылып жатыр. Мен Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңестің отырысында бірқатар нақты тапсырма бердім. Барлық мәселе менің тікелей бақылауымда. Қазір "Ғылым және технологиялық саясат туралы" заң жобасы парламентте қаралып жатыр. Кеше сенат оны бірінші оқылымда мақұлдады. Бұл – өте маңызды әрі көптен күткен құжат. Ғылымды басқару жүйесін жетілдіру керек. Ғалымдарға әлеуметтік қолдау көрсету мәселесі де өте маңызды. Сондықтан Заңда ғылыми қауымдастықтың мүддесі барынша ескерілетін болады", - деді президент.
Сонымен қатар мемлекет басшысы ғалымдарға қандай жағдай жасалатынына тоқталды.
"Біз ғалымдарға жағдай жасау керек деп жиі айтамыз. Бұл – құр сөз емес. Мемлекет тарапынан нақты жұмыс жасалып жатыр. Алдағы екі жылда жас ғалымдардың зерттеуіне бөлінетін грант саны тағы да көбейеді. Бюджеттен 18 миллиард теңге бөлінеді. Былтыр 284 жас ғалым баспана алды. Биыл менің тапсырмаммен оларға тағы 200 пәтер берілетін болды. Осындай нақты шаралар арқылы еліміздегі ғылымды және жалпы ғалымдар қауымын қолдау жұмысы алдағы уақытта да жалғасын табады", - деді президент.