https://sputnik.kz/20250308/temirzhol-salasynda-qansha-ayel-qyzmet-etedi-51450888.html
Теміржол саласында қанша әйел қызмет етеді
Теміржол саласында қанша әйел қызмет етеді
Sputnik Қазақстан
Бүгінде "Жолаушылар тасымалы" АҚ-да 3,5 мыңнан астам әйел жұмыс істейді 08.03.2025, Sputnik Қазақстан
2025-03-08T17:39+0500
2025-03-08T17:39+0500
2025-03-08T17:39+0500
теміржол
әйел
https://sputnik.kz/img/07e9/03/08/51450724_0:0:1280:721_1920x0_80_0_0_10f473dec19644d92986d862a11974c7.jpg
АЛМАТЫ, 8 наурыз - Sputnik. Теміржол саласында 1,6 мыңнан астам әйел жолсерік және касса қызметкері еңбек етеді, деп хабарлайды "Қазақстан темір жолы" компаниясы.Бүгінде "Жолаушылар тасымалы" АҚ-да 3,5 мыңнан астам әйел жұмыс істейді, олардың ішінде 1256 жолсерік пен 401 касса қызметкері бар.Жолсеріктер қажет болған жағдайда психолог, бала күтуші, тіпті дәрігер қызметін де атқарады."Соңғы үш жылда пойызда 14 нәресте өмірге келген. Мұндай күтпеген жағдайда жолсеріктер шұғыл әрекет етіп, аналарға қолдау көрсетіп, сәбилердің қауіпсіздігін қамтамасыз етті. Айта кетерлігі, бұл жауапты сәттерде көмек қолын созған жолсеріктердің көбі өздері де көпбалалы аналар", - делінген компания хабарламасында.Теміржол саласының ажырамас бөлігі – касса қызметкерлері. Олар билет рәсімдеумен қатар, жолаушыларға бағыттар мен қозғалыс кестесі туралы ақпарат беріп, сапардың жайлы өтуіне ықпал етеді. Бүгінде елімізде тәулік бойы жұмыс істейтін 165 касса бар және олардың үздіксіз қызметі – екі ауысымда еңбек ететін әйелдердің табанды еңбегінің нәтижесі.
https://sputnik.kz/20250308/ayelder-sany-boyynsha-almaty-kosh-bastap-tur-51449574.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/03/08/51450724_79:0:1215:852_1920x0_80_0_0_bfab805c4c7e8be35bd7999b6f94e1fa.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
теміржол, әйел
Теміржол саласында қанша әйел қызмет етеді
Бүгінде "Жолаушылар тасымалы" АҚ-да 3,5 мыңнан астам әйел жұмыс істейді
АЛМАТЫ, 8 наурыз - Sputnik. Теміржол саласында 1,6 мыңнан астам әйел жолсерік және касса қызметкері еңбек етеді, деп хабарлайды "Қазақстан темір жолы" компаниясы.
Бүгінде "Жолаушылар тасымалы" АҚ-да 3,5 мыңнан астам әйел жұмыс істейді, олардың ішінде 1256 жолсерік пен 401 касса қызметкері бар.
"Жолсерік арулар ай сайын 170-180 сағат уақытын жолда өткізіп, жолаушыларға сапалы қызмет көрсету үшін отбасынан жырақта еңбек етеді", - дейді ведомство.
Жолсеріктер қажет болған жағдайда психолог, бала күтуші, тіпті дәрігер қызметін де атқарады.
"Соңғы үш жылда пойызда 14 нәресте өмірге келген. Мұндай күтпеген жағдайда жолсеріктер шұғыл әрекет етіп, аналарға қолдау көрсетіп, сәбилердің қауіпсіздігін қамтамасыз етті. Айта кетерлігі, бұл жауапты сәттерде көмек қолын созған жолсеріктердің көбі өздері де көпбалалы аналар", - делінген компания хабарламасында.
Теміржол саласының ажырамас бөлігі – касса қызметкерлері. Олар билет рәсімдеумен қатар, жолаушыларға бағыттар мен қозғалыс кестесі туралы ақпарат беріп, сапардың жайлы өтуіне ықпал етеді. Бүгінде елімізде тәулік бойы жұмыс істейтін 165 касса бар және олардың үздіксіз қызметі – екі ауысымда еңбек ететін әйелдердің табанды еңбегінің нәтижесі.